Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
PhD докторантының Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) білім алуы

PhD докторантының Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) білім алуы

26 Сәуір 2017

6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1 оқу жылының докторанты Омарова Алуа Ораловна 2017 жылдың 15 қаңтарынан 2017 жылдың 14 сәуіріне дейін Erasmus+ InternationalCreditMobility бағдаламасы бойынша Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) білім алды.

Ұтқырлық барысында А.О. Омарова «Environment and Sustainable Development» курсын меңгерді. Курс табиғи ресурстарды басқарудың, саяси, әлеуметтік және экономикалық аспектілермен бірге, экологиялық зардаптар мәселелерін қамтыды. Басты мақсат жер және су ресурстарын басқаруды және оның қоршаған ортаға әсерін дамуды есепке ала отырып тұтас және тұрақты келешекке келтіру болды.

Білім алумен қатар А.О. Омарованың шетелдік кеңесші, профессор Ronny Berndtsson докторлық диссертация тақырыбы бойынша жұмыс жасауға мүмкіндігі болды.

Берілген мүмкіндік пен жасаған қолдауы үшін ҚММУ ректоры, м.ғ.д., профессор Р.С. Досмагамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор А.А. Тұрмұхамбетоваға, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор,  м.ғ.д., профессор Б.Н. Көшероваға, ҮКДФ деканатына және ғылыми кеңесші, м.ғ.к., тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы профессорының м.а. М.Г. Калишевқа алғысымды білдіремін. Сонымен қатар шетелдік кеңесші, профессор Ronny Berndtsson, PhD доктор К.М. Тусуповаға және Лунд университетінің барлық профессорлық-педагогикалық құрамына шақырту жібергені, ортақ атқарылған жұмыс, берілген жаңа ақпарат, көрсеткен көмектері мен жасаған жағымды жағдай үшін рахмет айтқым келеді. 


0
5878

пікірлер

пікір қалдыру үшін.