Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Болон процесі шеңберінде ҚММУ-нің интернационализациялану стратегиясын жасап шығару» тақырыбында Bragioni Hugo Francisco шеберлік сабағы

«Болон процесі шеңберінде ҚММУ-нің интернационализациялану стратегиясын жасап шығару» тақырыбында Bragioni Hugo Francisco шеберлік сабағы

25 Сәуір 2017

2017 жылдың 20 сәуірінде ҚММУ-де Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті мен Лунд Университетінің (Швеция) арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Болон процесі шеңберінде ҚММУ-нің интернационализациялану стратегиясын жасап шығару» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Аталған шеберлік сабағын Лунд Университетінің халықаралық сарапшысы Bragioni Hugo Francisco мырза өткізді.

Шеберлік сабағына ҚММУ-нің әкімшілік-басқарушы қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамынан барлығы 35 тыңдаушылар қатысты.

Bragioni Hugo Francisco мырза шеберлік сабағын таныстырылым түрінде, интернационализациялау үдерісін егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өткізді. 

Шеберлік сабағының тыңдаушыларына интернационализациялау стратегиясы бойынша 4 негізгі сұрақтар түсіндірілді:

- Интернационализациялау үдерісінің тарихы және оның негізгі қырлары;

- «интернационализациялау» атауының анықтамасы;

- интернационализацияны дамыту бойынша институционалдық іс-шаралар;

- серіктестік.

Қазақстанның 2010 жылдың наурыз айында Болон декларациясына қол қоюының нәтижесінде қазақстандық жоғарғы оқу орындарының оқытудың кредиттік жүйесіне біртіндеп өтуінің маңыздылығы атап өтілді. Соның арқасында жоғарғы оқу орындарының студенттері жоғарғы білім берудің еуропалық, сонымен қатар әлемдік аренасына шығуға мүмкіндік алды, себебі ECTS (кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі) – бұл Болон процесінің негізгі құралы болып табылады.

Сонымен қатар, Bragioni Hugo Francisco интернационализациялау үдерісін оқу орнының барлық деңгейінде: ұжымдық деңгейінде, білім беру, зерттеу, сонымен бірге әкімшілік және қызмет көрсету деңгейінде дамыту қажеттілігін ерекше атап өтті. 

Шеберлік сабағының соңында тыңдаушылар халықаралық сарапшыға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Шеберлік сабағының соңы қатысушыларға сертификаттар тапсырумен қорытыланды.


0
5633

пікірлер

пікір қалдыру үшін.