Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Гран-при» «Көктем кубогы - 2017»

«Гран-при» «Көктем кубогы - 2017»

25 Сәуір 2017

16 сәуірде Кеншілер мәдениет сарайында «КӨКТЕМ КУБОГЫ - 2017» республикалық конкурсы болып өтті.

 «КӨКТЕМ КУБОГЫ - 2017» - әртүрлі бағыттағы өкілдерді біріктірген көпжанрлы конкурс: эстрадалық ән, мәнерлеп оқу, театр, би, дефиле және басқалар.

Конкурсанттардың шығармашылығын  облысымыздың жоо бөлімшелерінің хореография және би өнеріндегі мамандары, эстрадалық және халықтық ән үйірмесінің оқытушылары бағалады. Негізгі бағалау бағасы: техника, әртістік, жанрдың тақырыбына сай бейне сахналық костюм.

Конкурсқа Қазақстан қалаларынан 40 астам би және театр топтары, мәнерлеп оқушылар қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен: «YesTeam» заманауи билері группасы, Театр өнері студиясы және «Жыр жауһар» авторлық-поэззиялық клубының қатысушылары қатысты.

 «Жыр жауһар» өкілдері  Онбай Саламат және Жуатай Қуаныш  «Мәнерлеп оқу» номинациясында 1 және 2 орынға ие болды.

Театр өнері студиясы өткен жылы  ҚММУ сахнасында табысты өткен "Любовь к трем апельсинам " қойылымынан үзіндіні көрермендерге ұсынды.

Қойылымға қатысқандар:
Тарталья - Токашов  Аян;  
Труффальдино - Исказин Айбатыр;
Сильвио - Жаркешов Бекнұр;
Клариче - Жұмаділова  Жібек;
Леандро - Сапа  Абай;
Бригелла - Коробейников Тимур;
Смеральдина - Қонысбеков  Қайырбек;
Моргана - Садыкова  Валентина;
Принцесса - Қыздарбекова  Айгерим;
Режиссер - Мусабаев  Ерсайын;
Святой отец - Бабаев Айдар.

Қойылымды көрермендер жылы қабылдады және әділ-қазылардың бірауыздық шешіммен, ҚММУ Театр өнері студиясы «Театр өнері» жанрында  «Гран-при»  ұсынылды.

Тағы да бір «Гран-при» ҚММУ үшін «YesTeam» заманауи билері тобының бозбалалары мен қыздары жеңіп алды.  Біздің ұжымымызға  «Хип-хоп» номинациясында тең келер ұжым болмады.

Конкурстың барлық қатысушыларына салтанатты түрде кубоктар және дипломдар фестивалдің гала-концертінде табыс етілді.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
6001

пікірлер

пікір қалдыру үшін.