Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ

21 Сәуір 2017

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ

2017 жылдың сәуір айында патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасында түрлі әдістерді қолдану әдісімен ашық сабақ өткізілді. Оқытудың мақсаты мынандай нұсқада өтті, сұраққа жауап беру: «Оқыту үдерісін түсінікті, қызықты әрі нәтижелі болу үшін не істеу керек? Студенттерді қалыптастыру үшін біз қандай құзіреттілікпен жұмыс істеуіміз керек?» Әр тәжірбиелік сабаққа дайындалу барысында оқытушы осы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қою арқылы оқытушы оқытудың тиімді түрлерін, әдістері мен тәсілдерін іздейді. Ойлау, білу, істей алу – дайындық  сатысында педагогты қалыптастыратын іс-әрекет, онсыз шығармашылық үдеріс болуы мүмкін емес. Сонымен қатар білу, істей алу, дағдылар – қабілеттілік пен құзіреттіліктің даму ортасы.

«Ісіктер» тақырыбын оқуда «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2021 және 2022 топтардың студенттерімен ашық сабақты өткізудің негізінде осындай тапсырмалар болды. Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының доцент қызметін атқарушы С.А. Мусабекова ашық сабақ жүргізді. Сабақтың барлық сатылары түбегейлі ойластырылған. 

Сонымен қоса оқу ағымын ұйымдастыру тәсілдері мен оқыту әдісіне әртүрлі жабдықтарды қолданып, мазмұны бойынша тиімді академиялық сағат бойынша ашық сабақ оңтайлы өткізілді. Ғылыми негіздеу элементтерін және көрнекілікті тиімді өзара іс-әрекет жасайтын топтарды ескере отырып оқу материалдарын меңгеру қолжетімді ұйымдастырылды. Ашық сабақта екі түрлі әдіс қолданылды - топтық викториналар және майндмеппинг студенттердің  ынтасын арттыруға, сабақты қызықты және түсінікті өтуіне  мүмкіндік берді.

Патологиялық анатомия және

сот медицинасы кафедрасының

меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор М.М.Тусупбекова 

0
5801

пікірлер

пікір қалдыру үшін.