Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№1 Ішкі аурулар кафедрасының интерн-терапевтерінің ғылыми жұмысының үздік көрсеткіштері

№1 Ішкі аурулар кафедрасының интерн-терапевтерінің ғылыми жұмысының үздік көрсеткіштері

20 Сәуір 2017

2017 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің  «Жастар мен ғылым әлемі: үрдіс және жаңа тенденциялар»  тақырыбында коференция өтті. Конференцияның мақсаты : Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жұмыстарының натижесін көрсетуіне мүмкіндік жасау.Конференция барысында ғылыми жұмыстарды өзектілігіне карай, тақырыптарына сай, терапиялық пән бойынша  үш бөлімге бөлінді. Соның ішінде үшінші  бөлімшеге  №1 ішкі аурулар кафедрасынан көптеген студенттер қатысты. Осы конференцияға тек біздің университет студенттері ғана қатысып қоймай, Астана Медицина университетінен де студенттер қатысты.  Конференция барысында университет студенттерін ғылыми зерттеулерге қатыстыру жұмыстары жоспарлы да жуйелі турде асырылып келе жатқаны айқын көрінеді. Университет ұстаздары студенттерге оқытудың иновациялық ұстанымды  игертуде, студенттердің бойына білім мен ғылыми жұмыстарды орындау дағдыларын қалыптастырғаны жұмыс барысында байқалды.


Конференцияда көптеген сұрақтарды және қызығушылық тудырған тақырыпты ұсынған м.а. профессор Төлеуова Алия Смагуловнаның жетекшілік етуімен 7-курс студенті  Калимбетова Акеркенің "Жүрекше жыбыры бар науқастарда антикоагулянтты терапия жүргізу барысындағы асқыныстар қаупін бағалау"атты баяндамасы «Ең үздік баяндама» номинациясына ие болды.

   Гусеинова Зухра Кадыровнаның жетекшілігімен  6042- топ студенттері жақсы ғылыми жұмыс ұсынып, жақсы жағынан көрінді.

Қурманова Айгүл Тулеухановнаның жетекшілігімен  6040-топ студенттері  3  ғылыми жұмыстарын  ұсынып , жақсы жағынан көзге түсті.

 

 Конференция соңында жақсы ғылыми жұмыс ұсынған ,жақсы баяндамалар оқыған студенттерге  сертификаттар табыс етілді. Қызықты баяндамалар мен жақсы көріністердің артында әрдайым ұстаздардың ерең еңбегі мен білімділігінің, ізденушілік  шеберлігінің арқасы екені шындық, сол үшін үлкен мартебемен алғыс айтамыз.

Молдабекова  Айдана

6-040 топ студенті


0
6224

пікірлер

пікір қалдыру үшін.