Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Екатеринбург қ. Уральск мемлекеттік медицина университетіне академиялық ұтқырлық

Екатеринбург қ. Уральск мемлекеттік медицина университетіне академиялық ұтқырлық

20 Сәуір 2017

Профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында Уральск мемлекеттік медицина университеті (УММУ) мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің (ҚММУ) арасында, оны тәжірибелік жүзеге асыру мақсатымен 10.03.2017ж - 22.03.2017ж аралығында ҚММУ коммуналдық гигиенаға жауапты м.ғ.к., аға оқытушы А.Д. Ефимова УММУ гигиена және кәсіби аурулар кафедрасында болды. Осы кафедра 1995ж құралып, оның құрамына коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы және тағам гигиенасы курстары біріктірілген. Кафедраға м.ғ.д., профессор, жоғары мектеп қайраткері Г.Я.Липатов басшылық етеді. Кафедрада, жоғары мектептің тәжірибелі оқытушыларымен қатар, қазіргі заманғы  және аспирантурада немесе ординатурада оқитын жас оқытушалар жұмыс істейді. Осындай ұйымшыл ұжымның арқасанда кафедрада жұмыстың жоғары оқу-әдістемелік деңгейі құралған, білім берудің жаңа түрлері еңгізілген, қазіргі заманға сай материалдық-техникалық база жасалған.

А.Д. Ефимова УММУ болған уақытында коммуналдық гигиенаның «Су қоймаларын қорғау», «Тұрғын және қоғамдық ғимараттар гигиенасы»,  «Елді мекендерді жоспарлау және салу» тараулары бойынша проблемалық дәрістер оқыды. Дәрістерде кафедра меңгерушісі проф. Г.Я.Липатов, коммуналдық гигиена курсының меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А.Самылкин, МПІ факультетінің деканы, гигиена және экология кафдрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Г.М.Насыбулина, кафедраның ординаторлары мен аспиранттары қатысты.

Студенттердің кәсіптік білімі мен машықтарын дамыту мақсатымен, интерактивті оқыту әдістерімен сабақтар жүргізіліп, оларды студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдады. Коммуналдық гигиена курсының меңгерушісі доц. А.А.Самылкинмен бірге әр проблемаларды шешу бойынша ауыз су тақырыптарына пікірталас сабақтары жүргізілді.

Сонымен қатар, Ресейдің денсаулық сақтау министрілігінің ГБОУ ВПО УГМУ ректоры,  м.ғ.д., профессор С.М.Кутеповпен, эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, проф. А.А.Голубковамен, МПІ факультетінің деканы, проф. Г.М.Насыбулинамен, гигиена және кәсіби аурулар кафедрасының меңгерушісі, проф. Г.Я.Липатовпен, сондай-ақ осы кафедраның ұжымымен біздің университетте білім беру ерекшеліктері бойынша сұхбаттар жүргізілді. Олар, өз кезегінен, өздерінің білім беру бағдарламалары және жаңа бағдарламалар бойынша оқытуға көшу кезеңінде туған проблемалар туралы пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, УММУ мен ҚММУ келешектік іс-шаралардың әр бағыттары бойынша бірлесіп ынтымақтастығы туралы келісілді. Жаңа оқу жылының басталуына дейін коммуналдық гигиена сұрақтары бойынша қашықтықтан оқыту сеанстарын жүргізу жоспарланды.

УММУ гигиена және кәсіби аурулар кафедрасында, авторы А.Д. Ефимованың коммуналдық гигиена бойыша жағдаяттық есептер жинағы қолданылатын болады, ол жөнінде енгізу актісі бар.

Аға оқытушы А.Д. Ефимованың жұмысы УММУ жетекшілерімен жоғары бағаланды, ол туралы біздің университеттің ректоры профессор Р.С.Досмағанбетованың атына түскен пікір бар. 


0
6137

пікірлер

пікір қалдыру үшін.