Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

18 Сәуір 2017

2017 жылдың 10-12 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдарға арналған ІV Халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары қатысты.

Қарағанды мемлекеттік университеті атынан Жалпы медицина және стоматология факультетінің 2 курсы 2-011 тобының студенттері  Тілеген Ділдә, Сакенова Жансая «Изоникотингидразидтің жаңа туындысының термодинамикалық есептеулерінің ерекшелігі» тақырыбында ауызша баяндама жасады. Ғылыми жетекші: ҚММУ биологиялық химия кафедрасы доцентінің м.а., х.ғ.к. Ж.К. Тухметова. Студенттер өз ғылыми жұмыстарын үш, яғни ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынды. Көпшілікті ғылыми жұмыстың тақырыбы қызықтырып, зерттеу нәтижелері мен әдістеріне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

Конференцияның қорытындысы бойынша біздің студенттер II жүлделі орынға ие болып, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» ІV Халықаралық ғылыми конференциясның Дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!


0
5967

пікірлер

пікір қалдыру үшін.