Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылым және № 1 Ішкі аурулар кафедрасының интерндері

Ғылым және № 1 Ішкі аурулар кафедрасының интерндері

18 Сәуір 2017

Ғылым және № 1 Ішкі аурулар кафедрасының интерндері

12 сәуір күні «Ғылым әлемі және жастар:жаңа бағыттар мен тенденциялар» атты жас ғалымдар және студенттер арасындағы халықаралық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Белорусь елдерінен жас ғалымдар жиналды. ҚММУ № 1 Ішкі аурулар кафедрасының интерндері өз белсенділіктерін танытты.7-курс интерндері А.Калимбетова, А.Жумабаева, Д.Естаев,А. Куликбаева, Ф.Тұрдалы қатысты.


329 аудиторияда 3 секция «Клиникалық медицина» бағыты бойынша ғылыми баяндамалар жасалды.  Модераторлар Ж.А.Бейсенбаева м.ғ.к. № 1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, А.С. Ахаева PhD-доктарант 3 жыл  жас ғалымдарды тыңдап, лайықты бағасын берді. 7-курс интерндері баяндаушыларға сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.

Конференция қорытындысы № 1 Ішкі аурулар кафедрасының 7- курс интерні Калимбетова Акерке Бауржановна « Жүрекше жыбыры бар науқастарда  антикоагулянтты терапия жүргізу барысындағы асқынымтарды бағалау» атты ғылыми жұмысын баяндап «ең үздік баяндама» дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі профессор м.а, м.ғ.к., профессор м.а А.С. Толеуова. Ақерке өзінің ғылымға деген қызығушылығын, белсенділігін тағы бір дәлелдеді.

№ 1 Ішкі аурулар кафедрасының жас ғалымдарына алғыс білдіреміз және сәттілік тілейміз!

7-021, 7-019, 7-018 топ интерндері.


0
6334

пікірлер

пікір қалдыру үшін.