Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
II «Қатар соққан жүректер» фестивалі.

II «Қатар соққан жүректер» фестивалі.

17 Сәуір 2017

Бейбітшілік, Достық және Сұлулық сияқты құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ҚММУ-да дәстүрге айналған, атап айтқанда, білім ордасының талантты жастарын біріктіру мақсатында өткізілген II «Қатар соққан жүректер» фестивалі осыған дәлел бола алады.

Биылғы өткен ІІ «Қатар соққан жүректер» жастар фестивалінде жалпы медицина және стоматология факультетінің кафедралары студенттермен бірігіп, Қазақстан аймақтарын ұсынған өкілдер ретінде сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан аймағын медициналық биофизика және информатика кафедрасының ПОҚ-ы мен «Жалпы медицина» мамандығы 1-курс студенттерінен құралған «Оңтүстіктің сайып қырандары» командасы таныстырды.


Орталық Қазақстан аймағын биологиялық химия кафедрасының қызметкерлері мен «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенттері бірлесе отырып, «Сарыарқа» тобы болып көрермендер алдына өз өнерлерін паш етті.

Ал «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері екі топқа бөлініп, яғни, Шығыс Қазақстан аймағын жалпы хирургия және травматология кафедрасы «Жалынды жастар» тобы, ал Батыс Қазақстан аймағын психиатрия және наркология кафедрасы «Каспилік данышпандар» тобы болып сахна төрінен орын алды.

Ішкі аурулар пропедевтикасы мен «Жалпы медицина» мамандығының  3-курс студенттері «Aurora Borealis» атты топпен Солтүстік Қазақстан аймағын көрермендерге таныстырды.


Көрермендер мен әділ қазылар мүшесіне Қазақстан бойынша қызықтарға бай саяхат жасау мүмкіндігі берілді.

Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды орындауда үлкен креативтілік танытты және арасында әзіл-оспақты араластыра отырып, концерттік кешімізді әсерлі ете білді. Аталмыш байқауда қатысушылар Қарағанды кеншілерінің ерлігін, оңтүстіктің жылылығы мен кеңпейілділігін, солтүстіктің жұмсақ та нәзік әрі мұңды махаббатын, батыстың берекелілігін және шығыстың данагөйлігін толыққанды көрермендер мен кеш қонақтарына жеткізе білді деп сенімді айта аламыз.

Фестиваль бағдарламасы конкурсқа қатысушылардың көз тартарлық фотоөнерін тамашалайтын «Менің туған жерім» деген фотоконкурспен жалғасты. Байқауға 100-ден аса даралық пен әсемдік және бірегейлікке арналған бейнежұмыстар ұсынылған болатын.

Фестиваль бағдарламасы «Жалпы медицина» мамандығы 4-курс студенттерінің дайындаған керемет концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Фестиваль өз жұмысын тамамдады, бірақ біз қоштаспай, «Келесі ретте кездескенше» дейміз!

Ұйымдастырушылар комитеті – жалпы медицина және стоматология факультеті.

Жалпы медицина және стоматология факультеті

ұйымдастырушылар комитеті

0
5858

пікірлер

пікір қалдыру үшін.