Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Команда болса - жеңіс болады!

Команда болса - жеңіс болады!

17 Сәуір 2017

2017 жылы 13-15 наурызаралығындаРесейХалықтарДостығыУниверситетінде (RUDN University) #SCIENCE4HEALTH 2017 атты VIII ХалықаралықҒылыми - ПрактикалықКонференцияөтті.

Конференция аясында ұйымдастырылған олимпиада әр түрлі бағыттар бойынша өтті, соның ішінде стоматология да болды.  ҚММУ командасы атынан Николай Швенк (5-курс), Анна Михайлюк (5-курс), Арслан Бейсекеев (5-курс), Рузиля Гарифуллина (4 курс) және Әділ Жармағамбетов (4 курс) қатысты. Конференция жұмысында екі постерлік баяндама ұсынылды, біреуі ағылшын тілінде. Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды: хирургия, ортодонтия, ортопедия және эндодонтияда тәжірибелік дағдыларды орындау бойынша, модельдеу және клиникалық шешім табу, диагноз қою және емдеу жоспарын бағыттау. Олимпиадаға  8 стоматологиялық  командалар қатысты, олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Нижний Новгород, Рязань, Венгрия және Қазақстан медицина мектептерінен. Олимпиада қорытындысы бойынша ҚММУ студенттер командасы  тек Мәскеу және Владикавказ командаларына жол беріп, 3-ші орын иеленді.


Біз шын жүректен біздің оқытушыларымызға, ҚММУ ректорына профессор Раушан Султанқызы Досмағамбетоваға бізге сеніп біздің  конференцияға қатысуымызды қолдаған үшін алғысымызды білдіреміз!

Стоматолог- студенттер командасы

0
6357

пікірлер

пікір қалдыру үшін.