Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus+ бағдарламасы CASEU жобасы аясындағы академиялық ұтқырлық ( Пуатье Университеті, Франция)

Erasmus+ бағдарламасы CASEU жобасы аясындағы академиялық ұтқырлық ( Пуатье Университеті, Франция)

14 Сәуір 2017

Эразмус + бағдарламасы аясында 9-наурыз бен 24-наурыз аралығында  Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің екі қызметкерлері Пуатье Университетінде (Франция) тәжірибеден өтті.

№1 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы - С.Б. Касымова Пуатье Университетінің 4 курс студенттеріне Қоғамдық денсаулық сақтау пәні бойынша дәріс оқыды.

Үздіксіз кәсіби білім беру (Магистратура және PhD докторантура) факультеті деканының орынбасары А. С. Бокаевамен бірге,  «Медициналық университет студенттеріне академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар және JointPhD ұйымдастыру» бойынша тренингтен өтті.

Ұтқырлық аясында,  ҚММУ, Пуатье, Колумбия қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру бойынша, медицинадағы жоғары оқудан кейінгі білім, академиялық ұтқырлықтың бірыңғай электронды базасын құру бойынша тәжірибелерімен алмасты. 

Медицина мектебінің проректорымен кездесу кезінде Пуатье Университетінің Мелекулярлы биология кафедрасының екі оқытушысының ҚММУ-не академиялық ұтқырлықтан өтуі, ҚММУ-нің PhD докторанты мен магистранттарының Пуатьеге іссапарлары, бір оқытушы мен ӘБҚ-нің Пуатьеде академиялық ұтқырлықтан өтуі, меморандумдың мерзімін ұзарту, сонымен қатар JointPhD мен Split-PhD ашылу мүмкіндіктері талқыланды.  

Ұтқырлықты ұйымдастырушылар тарапынан ҚММУ-нің қызметкерлеріне университет кампусына экскурсия өткізілді, онда олар Пуатье университетінің құрылымымен, мектептерімен, факультеттерімен, әр факультеттегі халықаралық ынтымақтастық бөлімдерімен, шетелдік студенттерді тұрғылықты жермен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен, шетелдік студенттермен академиялық және әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырумен танысты. 

Тренингтің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


0
6162

пікірлер

пікір қалдыру үшін.