Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эразмус + WELCOME «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау»жобасы бойынша есеп, Испания, Барселона қаласына іссапары туралы есеп беру.

Эразмус + WELCOME «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау»жобасы бойынша есеп, Испания, Барселона қаласына іссапары туралы есеп беру.

14 Сәуір 2017

2017 жылдың 6 мен 7-наурыз аралығында ҚММУ-нің қызметкерлері -  Эразмус + WELCOME «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау» жобасының үйлестірушісі, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы С. Б. Қасымова және ҚММУ-нің Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы А. С. Букеева Эразмус + жобасы аясында Барселона қаласындағы мәжіліске қатысты. 

Мәжіліс Каталония Политехникалық Университетінің базасында өтті. Мәжілістің жұмысына, сонымен қатар төмендегі университеттер қатысты:

1.  Каталония Политехникалық Университеті, Испания

2.  Бэйхан университеті, Қытай Халық Республикасы

3.  НАРХОЗ университеті, Қазақстан

4.  Қазақ экономикалық, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қазақстан

5.  Корольдік технологиялық институт, Швеция

6.  Л. Н. Гумилёв атындағы Евразия ұлттық университеті, Қазақстан

7.  Таллин техникалық университеті, Эстония

8.  ТунцзиУниверситеті, Қытай Халық Республикасы

9.  Лиссабон университеті, Португалия

10.  Ровира и ВирхилийУниверситеті, Испания

11.  Перпиньян – Виа ДомитьаУниверситеті, Франция

Мәжілісті Каталония Политехникалық Университетінің халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры - ЛоурдесРейгПуиг, сонымен қатар жобаның бас үйлестірушісі - АлисияБерланга ашты. Барлық серіктес жоғары оқу орындары өздерінің таныстырылымдарын ұсынды, солардың қатарында ҚММУ да өз жоғарғы оқу орны туралы және жобаны іске асыру келешектері туралы таныстырылымын көрсетті.

Келесі күні Каталония Университетінің «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау» жобасының жалпы таныстырылымы ұсынылды, содан кейін ары қарай бірігіп жасалатын жұмыстың жоспары талқыланды және жұмыс бумаларына жауаптылар тағайындалды.

Тренингтің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


0
5775

пікірлер

пікір қалдыру үшін.