Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық оқытулар

Пәнаралық оқытулар

14 Сәуір 2017

2017 ж. ҚММУ жеделдетілген жоспарына сай екі сценарий бойынша пәнаралық оқытулар әзірленіп жүргізілді:«Жүкті әйелдердегі диабеттік кома кезіндегі шұғыл көмек» және «Жіті инсульті бар науқастың аяқ-қолдарын зақымдау кезіндегі (шендеуіш қою) шұғыл көмек».

№3 ішкі аурулар кафедрасы перинатология кафедрасымен біріге отырып «Жүкті әйелдердегі диабеттік кома кезіндегі шұғыл көмек» сценарийін құрастырды.

№3 ішкі аурулар кафедрасының резиденттері «Эндокринология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша –5 адам, «Нефрология, оның ішінде балалар» - мамандығы бойынша 3 адам,«Гематология, оның ішінде балалар» - мамандығы бойынша 3 адам,«Пульмонология, оның ішінде балалар» - мамандығы бойынша 3 адам, «Кардиология, оның ішінде балалар» - мамандығы бойынша 5 адам осы тренингтерді сынау мен  өткізуіне қатысты. 

Пәнаралық оқытулар бізге көп пайдасын тигізді, біз  ілеспе патологияларына қарай төтенше жағдайлар кезінде диагностикалауды және көмек көрсетуді үйрендік, тәжірибелік дағдыларымызды бекітіп, командада біріге отырып жұмыс істеуге және ұжым болып шешім қабылдай білуге үйрендік. 

Біздің кафедраға және клиникалық сценарийді құрастырушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Резидентурада осындай тренингтер қатаң сақталып, жаңа сценарийлермен толықтырылады деп үміттенеміз.    

№3 ішкі аурулар кафедрасының резиденттері


0
5870

пікірлер

пікір қалдыру үшін.