Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ағылшын тілі пәнінен олимпиада

Ағылшын тілі пәнінен олимпиада

12 Сәуір 2017

2017 жылдың  сәуір айының 7 - ші жұлдызы, «Жалпы медицина және Стоматология» факультетінің 1,2,4-курс студенттерінің қатысуымен ағылшын тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең бойынша тапсырмалар, ағылшын тілінен грамматика және лексикалық білімдерін анықтауға бағытталды.

Екінші кезең бойынша берілген тақырып бойынша әңгімелесу мәнерінде, берілген тақырып бойынша дайындықсыз сөйлеу қабілетін анықтау үшін бағытталды. Екі кезең бойынша 12 студент соңғы кезеңге іріктеп алынды.

Соңғы үшінші кезең бойынша тапсырмалар қатысушылардың шет тілінде еркін сөйлеу қабілетін анықтауды монолог түрінде дайындалған. Атап айтар болсақ, қатысушылардың барлығы ағылшын тілін еркін меңгерген, сол себепті әділ қазыларға жеңімпазды анықтау оңайға түспеді.

 Барлық ұпай сандары бойынша ең үздік қатысушылар, дипломмен және әр түрлі сыйлықтармен марапатталып,келесідей орын берілді: бірінші орын - Мұстафина Әсем (ЖМ 1-008), екінші орын – Игошина Вероника ( Cтом 1-005), үшінші орын – Жетпісбаева Дариға (ЖМ 2-021). Сонымен қатар алғыс хаттармен және сыйлықтар: Жұмағазы Данаға (ЖМ 2-021), Жарылқасын Ақботаға (ЖМ 1-013), Жумадильдина Сабинаға (ЖМ 1-013) берілді.

М.Е. Тынымбаева

Г. Казиз

В.А. Бурмистрова


0
6003

пікірлер

пікір қалдыру үшін.