Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тоқыраумен күресу күніне арналған Бүкіләлемдік денсаулық күні

Тоқыраумен күресу күніне арналған Бүкіләлемдік денсаулық күні

10 Сәуір 2017

2017 жылы Денсаулық сақтаудың бүкіләдемдік ұйымы Бүкіләдемдік денсаулық күнін Тоқырауға щалдыққан адамдарға көмек көрсету күні тақырыбында өткізуді ұйғарды.

 7.04.2017 ж психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасында тоқырау мәселесіне арналған тақырыптық конференция өтті. Сәлемдесу сөзімен және қысқаша хабарламамен кафедра меңгерушісі, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты  Лариса Леонардовна Мациевская сөйледі. 1-2 курс студенттері тоқыраудың түрлері мен клиникалық көрінісі, тоқыраудың гендерлік ерекшеліктері, тоқыраудан шығу жолдары туралы көріністерден тұратын вернисаж көрсетті. «Жалпы медицина» мамандығының 1-001 топ студенттері Жмуров әдістемесі бойынша 1-курс студенттерінің қатарынан таңдалғандарға тоқыраудың психодиагностика нәтижесін айтып түсіндірді. Шет тілі бөлімінің студенттерді тоқыраудан шығуға көмектесетін йога жаттығуларын көрсетті. ҚММУ-де академиялық ұтқырлық бойынша дәріс алып жүрген Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Биология» мамандығының екінші курс студенттері Аяна мен Ильяна Омархановалар мен Айнұр Ерманкулова қызықты баяндамаларын оқыды.

Мерекенің сценариін кафедра оқытушылары Змазнева Екатерина Алексеевна мен Онайбаева Зарина Кайратовнаның басқаруымен «Жалпы медицина» мамандығының 1-028 топ студенттері Төлеген Сабыржан мен Туралиева Жібек құрастырды. Сценарий бойынша ұйымдастырушылар мен қатысушылар «құшақтасу әдісін» қолданды, көңіл-күйлерін қызғылт сары жеміс – мандариндер таратты, өздерінің қазіргілері мен болашақтарын жарқын түстермен бояды, романтикалық және жағымды бейнефильмдер көрді.

Конференция соңында психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы тұлғалық және кәсіби тұрғыда креативті дамуларына тілек білдіріп, конференцияның 20 белсенді қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттады.   


0
6051

пікірлер

пікір қалдыру үшін.