Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі "Бос орындар жәрмеңкесі 2017"

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі "Бос орындар жәрмеңкесі 2017"

07 Сәуір 2017

Кез келген ЖОО жұмысы тиімділігінің көрсеткішінің бірі еңбек нарығында түлектердің жоғары бәсекеге қабілеттілігі және сұрынысқа ие болуы болып табылады..

ҚММУ түлектерін жұмысқа орналастыруға әрекет ету мақсатында, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі жыл сайын "Бос орындар жәрмеңкесін" және ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, фармацевтикалық компаниялар, денсаулық сақтау басқармалары өкілдерінің қатысуыментүлектерді дербес бөлуді өткізеді.Университеттің жоғары біліктітүлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткішін - 99% растайды(2016 ж.).

Университетте «2017 ж ҚР медициналық жоғары оқу орындарының  түлектерін жұмысқа орналастыру және дербес бөлу бойынша ҚР ДСМ жол картасын» жүзеге асыру аясында  2017 ж. 31 наурызында "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті, осыған байланысты Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Манғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының 176 ұйымдарынан, сонымен қатар бітіруші курстарының "Фармация", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Биология", "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша білім алушыларының, резидентураның бітірушілері және  "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша 5-курс білім алушыларының 196 өкілі қатысты.

Еңбек нарығы мен ЖОО бірлестігі арасындағы қатынас арасында түлек тұрады. Түлектің дайындығы мен оның тиімді кәсіби қызметке мүмкіншілігі жұмыс берушілер үшін (жалпы қоғамға) нақты оқу орнында оқу сапасының бағасы, нәтижесінде, жоо жауапкершілігінің басты саласы негізгі критерийболып табылады.

"Бос орындар жәрмеңкесінің" негізгі мақсаты бакалавриат, ағымдағы жылдағы резиденттер түлектерімен және "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша және хирургия, терапия, жалпы дәрігерлік дайындау, акушерия және гинекология, педиатрия, стоматология бағыттары бойынша интернатурада мақсатты дайындауда келісім-шарттар жасау, сонымен қатар оларды кейіннен жұмысқа орналастыру болып табылады.

Дәстүр бойынша, Жәрмеңкеде ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту бойынша проректор Б.Н. Көшерова Құттықтау сөзін айтты жәнеклиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Б. К. Омарқұлов университет туралы, 2017 ж түлектерінің контингенті,бакалавриат түлектерінің кәсіби қызметі туралы ақпараттарымен сөз сөйледі.

Әрі қарай жұмыс берушілер сөз сөйлеп жалғастырды. Олар өз сөздерінде жас мамандарды өз аймақтарына қызықтыра отырып, берілетін әлеуметтік пакетке, оның ішінде көтерме жәрдемақы, тұрғын-үй ұсыну, жалға берілетін үйге төлемақы, ерлі-зайыптыларды да жұмысқа орналастыруға, олардың балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмек көрсететінін басып айтты. Даутбаев Еркен Каримович «Қостанай облысы әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасы» басшысы өз сөзінде жас мамандарға ұсынылатын көтермемен (ақшалай) 150 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін, сонымен қатар қосымша «Дипломмен ауылға» іске асыратын мемлекеттік бағдарламасымен, 70 АЕК (158 830 теңге) көлемінде көтерме жәрдемақы және 1 500 АЕК көлемінде (3 403 500 теңге) үй алу үшін жеңілдік несие көтерме жәрдемақысымен таныстырды. Павлодар облысы әкімшілігі Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыру жұмысы және дербес басқару бөлімінің басшысы - Елтаева Гулжанат Орынтаевна 75 маманға 11 135 600 теңге көлемінде, сонымен қатар үй алуға несие 18 маманға -53 400 000 теңге ұсынылатын көтерме туралы хабарлады.

 Кейбір ұйымдар резидентураға оқуды төлеу, ҚР аумағында және шетелде оқу сияқты қосымша жеңілдіктер ұсынумен көзге түсті.

Жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу сараптама қорытындысы бойынша жұмыс берушілер түлектердің теориялық және практикалық дайындықтарының деңгейіне «жақсы» деп баға берді.  Іс-шара аяқталған соң 2017 ж. "Фармация", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Биология", "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша бакалавр түлектерімен және 2018ж., 2019ж. «Жалпы медицина», «Стоматология», мамандықтары бойынша жоспарланып отырған түлектерімен үш жақты келісім-шарт жасалды, себебі, меңгерген мамандығына сай түлектерді жұмысқа орналастыру – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің басты міндеттерінің бірі.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі


0
7073

пікірлер

пікір қалдыру үшін.