Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- дегі академиялық ұтқырлық

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- дегі академиялық ұтқырлық

07 Сәуір 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қызметінің маңызды бағытына академиялық ұтқырлық жатады. Ол сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды қалыптастыруға, білім сапасын жақсартуға, профессор – оқытушылар құрамының және білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырып, кәсіби, мәдени және білім көрсеткіштерін арттыруға септігін тигізеді.

13.03.2017 ж. - 24.03.2017 ж. аралығында гистология кафедрасының профессоры Г.У. Жанайдарова академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- ға барып келді.

ҚазҰМУ-да эмбриология және цитология курсымен гистология кафедрасы 1932 ж. құрылған. Өз уақытында бұл жерде атақты гистологтар жұмыс атқарған: профессорлар Л.И. Фалин, А.В. Кирилличева, А.С. Толыбеков,олар қазақстандық ірі қазіргі ғалым -  морфологтарды тәрбиелеп шығарған, олардың ішінде Р.И.Юй, Г.В. Федотских және басқалары бар. 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап гистология кафедрасын профессор, м.ғ.д. Р.И. Юй басқарып келеді. Кафедра оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік және қоғамдық жұмыстарда үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Гистология кафедрасында оқу  студенттердің,  ең алдымен, өз белсенділігін арттыру  әдісіне бағытталған. Олар кәсіби қызметтің нақты жағдайларында білім алуды енжар меңгеруден белсенді қолдануға үйретеді, келешек маман дайындау сапасын арттырады. 2012 ж. бастап гистология пәнін оқытуды жетілдіру үшін стоматология факультетінің 2- курс студенттеріне тәжірибелік сабақ «Жалпы және Жеке гистология»тарауларын оқыту «КЕЙС – СТАДИ» әдісімен жүргізіледі.Бұл командалық әдіс – оқудың инновациялық әдістерінің бірі, жоғары медициналық кадрлар дайындау үшін шағын топтарда қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі студенттердің шығармашылық білімдерін қолдану және түсіну үдерісін жандандыруда. Бұл әдістің тиімділігі студенттердің білім алу ғана емес, алған білімін белсенді қолдануға, өз ойын жетілдіру, өзінше ситуациялық мәселелерді қабылдауға, өз ұстанымын негіздеп,басқа да пікірлерді тыңдап және өз қарсыластарына  мейірімділік танытуға үйретеді. Осылардың барлығы студенттерге ізденістерін арттырып, оқытушымен сенімді қатынас құруға септігін тигізеді. Осы жерде айта кетерлік жағдай, кафедра түрлі материалдармен жабдықталған, студент кафедраға келгенде гистология әлеміне енгендей болады.

Г.У. Жанайдарова  жүйке жүйесі, жүйке тіні, «КЕЙС – СТАДИ» әдісі қолданылған сезім мүшелері тақырыбы бойынша дәрістер оқып және тәжірибелік сабақтар жүргізді. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гистология кафедрасының профессор – оқытушылар құрамымен  «RBL. Студенттерді таңдау компоненті ретіндегі жобалар әдісі» тақырыбында сұхбат жүргізілді. Кафедра меңгерушісімен ғылыми ақпаратпен алмасып, білім беру үрдісінің жоспары талқыланып,бірігіп ғылыми іс – шаралар өткізу келісілді.

Профессор Г.У. Жанайдарованың жұмысы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығымен жоғары бағаланды, университет ректоры профессор Р.С. Домағамбетованың атына алғыс хат жолданды.


0
6832

пікірлер

пікір қалдыру үшін.