Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мерекесі

Наурыз мерекесі

07 Сәуір 2017

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың 15 күні Облыстық балалар ауруханасының клиникалық базасында №2 балалар аурулары кафедрасында мамандығы жалпы Медицина, дайындау бағыты педиатрия,   7-курстың тәлімгерінің жетекшілігімен  кафедраның ассистенті А.А. Исаевамен  және  7-014, 7-015,7-017 топтардың интерндерімен мемлекеттік тілде Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!" атты кеш өткізілді.

Іс-шара  жүргізушілері және қазақ халқының атмосферасын жасаушылары болған 7-017 Фергерт Андрей  және  Ауесханова Фариза7-014топтардың интерндері қазақ халқының  ұлттық киімдерін киіп кешті жүргізді. Мейрамның қадірлі қонақтары:  Н.Н. Наурызов ҚММУ кәсіподақ төрағасы және Ф.А. Батиров жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары.Мерекелік іс-шарада қазақ халқының салт дәстүрлерінен
үзінділер қойылды Наурыз мейрамы ауылда Ұлыстың ұлы күнін тойлау туралы көрініс қорсетілді. Көрініске қатысқандар: Манапов Таңат (7-014 топ), Сүйіндіков Алмас (7-014 топ ), Сүлейменова Шолпанай (7-014 топ), Ерекеева Роза  (7-015 топ), Оразбаева Жанар  (7-014 топ)  және 7-015 топтың интерндері . Көрермендер рахаттана және тамсана отырып қазақ халқының салт дәстүрлері :  сүйінші, азан шақырып ат қою, тұсау кесер дәстүрлерін тамашалады.

Сүйінші –қуанышты хабарды жеткізу. Біздің жағдайымызда ол нәрестенің өмірге келуі болды.Салт бойынша жаңа туған балаға азан шақырылып,  ауылдағы ең беделді және қарт адаммен  балаға Наурызбай деп ат қойылды. Сонымен қатар көріністе тағы да салт дәстүрдің бірі Тұсау кесу көрсетілді, онда арнайы ала жіппен  баланың  аяғы  байланып қайшы, не пышақпен қиылады, бұл баланың жаңа  өмірінің  бастама кезеңінде - жүру қабілетін, әлемді  білуді бейнелетеді.

Мәнерлі  және  мағыналы   Ласкевич Дарья  және Баймаханова Ләззат 7-017,7-014 топтардың интердері  Наурыз  мейрамы туралы өлеңдер оқыды.Сондай –ақ,көрермендер назарына  осы мейрам  көңілді және қызықты тойлануы жайлы бейне фильм көрсетілді.
Көрермендермен бірге қазақ халқының ойындары "Арқан тарту" және " Итеріспек"   ойнатылды. Сонымен қатар көрермендер назарына  концерттік бағдарлама ұсынылды.

Іс-шараның  атмосферасыкөңілді  және  шуақты болды. Салтанатты шара соңында  мейрамның қонағы Н.Н. Наурызов ҚММУ кәсіподақ төрағасы  құттықтау сөздерімен аяқтады. Мейрамның соныңда қонақтар  дәстүрлі қазақ тағамдарына бай дастарханға шақырылды.


0
6065

пікірлер

пікір қалдыру үшін.