Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дәстүр кеңістігі арқылы жаңашылдықтар

Дәстүр кеңістігі арқылы жаңашылдықтар

05 Сәуір 2017

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары гуманитарлық ғылымдар магистрлері Н.А. Мейрамова мен Г.А. Мухатаева 17 наурыз 2017 жылы «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша ОСӨЖ сабағының аясында «Жалпы медицина» мамандығының 1-017 және 1-023 топтарында ашық сабақ өткізді. Наурыз мейрамынының қарсаңында кафедраның оқытушылары және студенттер қауымымен ұлттық нақыштағы аудитория дайындалды, онда қонақтар шаңырақ астында киіз үйдің макетін, ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын тамашалады. Студенттермен даярланған ұлттық тағамдар (ірімшік, бал қаймақ, құрт, наурыз көже, қымыз, қайнатылған құрт, бауырсақ, шелпек, жент, талқан) арқылы оларды әзірлеу кезінде студенттер білімдері мен машықтарын көрсетті және әділқазы мүшелеріне ұсынылды.

Қазіргі әлемде қатаң бәсеке мен жаһандану жағдайында, әсіресе халықаралық деңгейде ел имиджі тиімді экономикалық шешімдердің жүзеге асырылуына байланысты, бұл үрдісте ерекше рөлге ұлттық  брендингтің қалыптасуы иеленеді.

XX ғасыр – мәдениеттің экономикалық жағынан бағытталған түрі қалыптасқан экономикалық ойлаудың үстемдік еткен ғасыры. Бірақ қазіргі жаһандық мәселелердің шиелінісі кезекті рет қоғам алдында экономика мен рухани мәдениет арасындағы өзара әрекет туралы сұрақты алға қойды, ОСӨЖ сабағында осыған назар аударылды. Сабақтың мақсаты студенттердің назарын материалдық емес өндіріс салаларына, ұлттық экономиканың құрылымдық элементтері: салт-дәстүр, ұлттық ойындардың және ұлттық тағамдардың тарихына аудару болды.

ОСӨЖ сабағы зияткерлік викторина, халық даналығы, театрландырылған қойылым, жоба қорғау сияқты бірнеше турлардан тұрды. «Бренд» түсінігі материалдық капитал санатында ұлттық брендинг ретінде қолданылды. 

Студенттер сабақ барысында шығармашылық дағдыларын, мақсат пен міндеттерді қоя білетіндіктерін, мәселенің өзектілігін тұжырымдай алатындықтарын көрсете білді. Жұмыстың тәжірибелік құндылығы онлайн-режимде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, соңғы нәтижелерінің Play Market қосымшасына орналастырылғандығында. Оқу үдерісі барысында дәстүр кеңістігі арқылы жаңашылдықтар көрсетілді. 

Іс-шараның соңында барлық студенттер ректор, профессор Р.С. Досмағамбетова атынан мадақтау қағаздарымен аталып өтті.


0
5928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.