Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Көптілділік жаңа көзқарасты мамандар қалыптастырылуының факторы ретінде» студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясы

«Көптілділік жаңа көзқарасты мамандар қалыптастырылуының факторы ретінде» студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясы

04 Сәуір 2017

С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде «Көптілділік жаңа көзқарасты мамандар қалыптастырылуының факторы ретінде» республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның жұмысы үш бағытта жүргізілді: «Кәсіптік білім беру және мамандықтың тілі», «Тіл және мәдениет», «Мәдениеттер сұхбаты». Конференцияға еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. ҚММУ атынан орыс тілі және шет  тілдері кафедраларында оқитын жалпы медицина және стоматология факультетінің 1 және 2 курс студенттері Медина Кенжетай (ЖМ 1-017), Дарын  Абильжанов (ЖМ 1-026),  Куралай Иргизбаева (ЖМ 1-024),  Саида Исаева (ЖМ 2-037), Дмитрий Ушаков (ЖМ 1-034) қатысты. Конференцияның аясында қатысушылар көптілділіктің әртүрлі мәселелері бойынша өз білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты. Конференцияда қойылған мәселелердің көкейтестігіне байланысты іс-шара кеңейтілген «дөңгелек үстел» түрінде өткізілді. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. 



0
6003

пікірлер

пікір қалдыру үшін.