Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

04 Сәуір 2017

2016-2017 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу  жоспарына сәйкес патологиялық физиология кафедрасының аға оқытушысы С.М. Аринова №15 ОБМ 11-сынып оқушылары арасында ай сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектепке айында екі қайтара барып насихат әңгімелер жүргізілді. Мектепте  бір он бірінші сынып бар. Он бірінші сынып оқушыларымен кездесу айына 2 рет өткізілді. ҚММУ- нің  даму тарихы, құрылымы туралы, игеріп шығатын мамандықтар, соның ішінде «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейіргер ісі» және «Биология» мамандықтары туралы айтылды. Оқушыларға арнайы буклеттер және жарнамалық плакаттар ұсынылып, насихат жұмысы жүргізілді. Оқушылар қызығушылық танытып, өздерін ойландырған сұрақтарын қойды. №15 ОБМ әкімшілігі осындай кездесулер өткізуге қуана келісетіндіктерін, мүдделі екендіктерін білдірді. Мен өз тарапымнан мектеп басшылығына  алғысымды білдіре отырып, болашақ талапкерлерге алда тұрған емтихандарын жақсы тапсыруға сәттілік тіледім! 



0
5732

пікірлер

пікір қалдыру үшін.