Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі

Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі

04 Сәуір 2017

Наурыз қазақ халқының маңызды, ежелгі дәстүрлері сақталған және ғасырлардан ғасырға жалғасқан ұлы мереке. Бұл күн көктем белгісін білдіре отырып, табиғат оянады және адамдардың өміріне де өзгерістер енеді және аңызға сенсек, наурызды жақсы тойласаң, жыл да жақсы өтеді. Бұл күні жұрт бір-бірін кешіреді, өз ойларын өзгертеді, үйлерін жинайды.

Үлкен кісіден бата алу дәстүрге айналды. Келешек ұрпаққа тілек білдіру, бата айту үшін шақырылған қонақтар: ПМБ және Ф  факультетінің деканы Приз Владимир Николаевич, жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Унгарбаева Айгуль Аманжоловна, жастармен жұмыс бөлімі басшысының орынбасары Батиров Фахриддин Абдижаппарович.

  Мерекенің маңызды элементі -  ұлттық тағамдар дайындау болып табылады. Дәстүр бойынша келген қонақтарға дастархан жайылды. Өз сыйлықтарымен ,жақсы тіліктерімен басқа ұлт өкілдері: жақында ғана масленица тойын тойлаған орыс халқы – құймақтарымен, өзбек халқының өкілдері –самсасымен келді.

  Жарыссыз мереке жоқ. «Алаша», «Орамал тастау», «Көтермек», «Оқтау тартыс» ойындарына студенттер қатысты. 1- курс студенті Қымбат синтезатормен «Көзімнің қарасы», Алдажар Айзат «Қазақ елі осындай» әндерін орындады, сонымен қатар Сейфолла Есбол ерекше даусымен көрермендерді таңқалдырды.

Мереке қонақтары көңілді және бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Біреулер уақытын көңілді өткізді, ал біреулер жаңа жолдас тапты, өйткені, жақсы сөз бар ғой: Татулық — табылмас бақыт. Достық жоқ жерде табыс жоқ.

Заскалько Екатерина

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

СӨӨБК ақпараттық секторының жетекшісі


0
6208

пікірлер

пікір қалдыру үшін.