Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Факультеттің ең үздік студенті»

«Факультеттің ең үздік студенті»

04 Сәуір 2017

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінде алғаш рет «Факультеттің ең үздік студенті» атты конкурс өтті. Конкурсқа өздерін оқу, ғылыми, қоғамдық жұмыстарда көрсете алған Медициналық–профилактикалық іс, Қоғамдық денсаулық сақтау, мейіргер ісі, Фармация, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы және Биология мамандықтарының 1-5 курс студенттері қатысу мүмкіндігіне ие болды. Конкурстың шарттары:

-Аралық аттестация нәтижесі бойынша жақсы бағалары болу керек;

-Ішкі тәртіп ережелерін бұзбау керек.

Үміткерлердің өздерін жеке негізде ұсынуы өзін-өзі таныту дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Конкурстың маңызды бөлігі – конкурс ережесіне сәйкес портфолио құру. Портфолиода қатысушы туралы, оның ғылыми және шығармашылық жетістіктері туралы мәлімет болуы қажет.

Үміткерлердің ішінен қазылар алқасының ең жоғарғы бағасына ие болып; «Ең үздік студент» атағын  алған  бірінші курс студенті Жамаш Алмасты құттықтаймыз. Алмас құрмет грамотасымен марапатталды,  және суреті ПМБ және Ф факультетінің стендінен орын алды.

Аталмыш конкурс студенттердің оқуға деген қызығушылығын, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік іс-шараларды күшейтуге,шығармашылық ынтымақтастық атмосфераны  құруға ықпал етеді. Бұндай іс-шара жылда өтетін болады деп жоспарлануда, сондықтан барлығыңызға оқуда, шағармашылық бастамаларда табыс тілейміз.Оқы, қатыс, жең!

Заскалько Екатерина

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

СӨӨБК ақпараттық секторының жетекшісі


0
6292

пікірлер

пікір қалдыру үшін.