Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс – шара

Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс – шара

03 Сәуір 2017

Қазақстанда көктем қыс мезгілін ығыстырып, толық өз күшіне 21 наурызда енеді, дәл осы ерекше күні  Наурыз мейрамы тойланады, ол тек күн мен түннің теңелу мезгілі ғана емес, сонымен қатар барлық табиғаттың  жаңаруы.  Наурыз Қазақстанда достықтың, махаббаттың және жаңарудың белгісі.  Бұл күні адамдар ұлттық әдемі киімдерін киіп, туған – туыстарына, жақындарына жақсы тілектер айтып барады.  Шығыс елінің  халқы үшін Наурыз мейрамы Жаңа жылмен тең, себебі бұл екі мейрам да жаңа өмірдің бастамасы болып саналады. Парсы тілінде Наурыз мейрамының аты «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

№3 жалпы дәрігерлік тәжірибе, нейрохирургия курсымен мейіргер ісі кафедрасында да  Наурыз мейрамы тойланды. 2017 жылдың 17 наурызында кафедраның клиникалық базасында, яғни, Қарағанды қаласының  «№3 Емханасында»  Наурыз мейрамын  тойлауға  арналған  салтанатты іс – шара өткізілді. Іс – шараға кафедраның профессорлық – оқытушылар құрамы, 6 және 7 - курстың 50 - ден артық  интерндері, емхананың әкімшілігі (директор С.Н. Буранкулова), сонымен қатар №3 емхананың дәрігерлері  қатысты.  2 сағатқа созылған іс - шара кезінде залда қуанышты және мейірімге толы атмосфера орнады.

Барлық көрермендерге іс – шараға қатысушылардың қойған номірлері қатты ұнады. Бұл ұлттық дәстүрдің және қазақ халқының «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» сияқты  салт -дәстүрінің театрландырылған көріністері болды.  6-117 тобының интерні Әуезханов Бекнұрдың мемлекеттік тілде өзі шығарған өлеңі оқылды. 6-122 тобының интерні Елтаева Алуаш домбырамен барлығы жақсы көретін әсем әндерді орындады.  Көрермендер мен қонақтар «Көзімнің қарасы» әнін орындаған біздің кафедраның Квинтетіне  сүйіспеншілікпен қосылып отырды. Залдағы көңілді музыкаға кафедраның және емхананың құрамы ұлттық әндер шырқады.  Номірлер арасындағы үзіліс кезінде көрермендер ойындарға қатысты, оларға ескерткіш ретінде сыйлықтар берілді. 

Наурыз мейрамын тойлау әдемі номірлермен ғана емес, сонымен қатар, іс – шара аумағында жүргізілген конкурстармен ерекшеленді. Конкурс қатысушылардың алдына қойылған негізгі екі міндеттерден тұрды. Әрбір топ өз еркімен өзі таныстырғысы келген ұлттың тағамын көрсетіп оны қазылар алқасы мүшелері мен көрермендер  алдында оның шығу тарихын айтып таныстыруы тиіс еді. 

Әрбір қатысушы өздері таныстырған ұлттың киімдерін киген. Қазақ, түрік, башқұрт, қырғыз ұлттарының тағамдары көрсетілді. Конкурсқа қатысушылар қонақтарды тағамды дайындау кезінде қолданған тапқырлығымен, дарындылығымен таңқалдырды. Бұл Наурыз көже, бесбармақ, тандыр, лағман, плов, лахманчур, учпучмак, чак-чак, пахлава, талқан, бауырсақ, сумаляк және  т.б. болды. Конкурс қорытындысы бойынша қазақтың ұлттық «Бесбармақ» тағамын ұсынған 7 - курс интерні Дюсенов Абу және  тәжік ұлтының костюмін көрсеткен  6 - курс интерні Смабаева Нұргүл жеңімпаз атанды. Іс – шараға қатысқан барлық қатысушылар атаулы грамоталармен марапатталды, ал конкурстың жеңімпазы бағалы сыйлыққа ие болды. Іс – шараның соңында барлық қатысушылар дастарханға жиналып, өздері дайындаған тағамдарынан ауыз тиді.

Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс – шара  №3 жалпы дәрігерлік тәжірибе, нейрохирургия курсымен мейіргер ісі кафедрасының, емхана  қызметкерлерінің, біздің білім алушы интерндердің естерінде ұзақ уақыт бойы сақталады.

№3 ЖДТ, нейрохирургия курсымен мейіргер ісі кафедрасының ұжымы.

0
6380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.