Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алғысымыз шексіз

Алғысымыз шексіз

28 Наурыз 2017

Қазақстан Республикасының қазіргі күнгі ең басты мәселесі - тіл саясатын дамыту болып табылады. Мемлекетіміздің көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бұл сұраққа  көп көңіл бөледі және «Үштұғырлы тіл» атты бірегей жоба ойлап тапты. Еліміздің дамуы үшін «Қазақстан-2050» жаңа стратегиясын қабылдаған сәттен, соның ішінде біздің де ЖОО-да үштілді саясат, яғни,  мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге бағытталған оқыту қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Осы бағдарлама шеңберінде ПОҚ-на тіл курстарын ұйымдастырып, оқытуға мүмкіншілік және біліктіліктігін жетілдіруге жағдай жасағаны үшін ҚММУ Ректоры Р.С. Досмағамбетоваға алғысымызды білдіреміз. Жас болса да, өте талантты педагог Наджарян Лилит Камоевнаға ағылшын тілінің ілгері деңгейін бізге үйреткеніне өз ризашылығымызды білдіреміз. Лилит Камоевна тілді үйретуде өзіндік тәсілімен ерекшеленеді, оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, сабақты алуан түрлі етіп жүргізеді. Эссе жазу, ВВС жаңалықтарын қарау, ағылшын тілінде мазмұнды фильм және мультфильмдер көру, ән шығармаларын тыңдау сияқты тыңдарманның өзіндік жұмысына да шығармашылықпен қарайды. Лилит Камоевна  тілдің грамматикалық ерекшеліктерін жүйелі меңгеруге және медициналық терминология тәжірибесіне ерекше көңіл бөледі. Барлық кафедралардың профессорлары, доценттері, ассистенттері сабаққа үлкен ынтамен қатысады және Лилит Камоевнаның жетекшілігімен білім деңгейін әрі қарай жоғарылатуды жоспарлап отыр.


0
5576

пікірлер

пікір қалдыру үшін.