Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бақ-берекем, құт-мерекем, Наурызым!

Бақ-берекем, құт-мерекем, Наурызым!

28 Наурыз 2017

Наурыз -  табиғаттың қыстан оянып, жаңару белгісі. «Наурыз» сөзі  «көктемнің өмірге келуі » дегенді білдіреді.

Осы мейрамға орай 15.03.2017 жылы ҮКД деканаты иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі М.А. Газалиева және кафедра оқытушыларының  басшылығымен, жалпы  медицина және стоматология факультеті  студенттерінің қатысуымен  «Бақ-берекем, құт-мерекем, Наурызым!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шара Қарағанды қаласының еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталағының мәжіліс залында өтті. Бұл іс шара театрландырылған концерттік бағдарлама түрінде өтті, мерекеге студенттер және кафедра оқытушылары қатысты.

Сонымен қатар, мерекелік іс шараға Тәжікстанның Душанбе қаласынан академиялық ұтқырлық бойынша келген студент қонақтар да атсалысты. Қазақ халқының қара өлең, би, күй өнерлері көрсетілді. «Қыз ұзату» салты көрсетіліп, соңында қыздың «Сыңсу» әні айтылды.  Сахна төрі салтанатты түрде мерекеге сай әшекейлермен безендірілді. Ортада «Наурыз көже», құрт, қымыз, жент, бауырсаққа толы қазақтың бай дастарханы жайылулы тұрды.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
6170

пікірлер

пікір қалдыру үшін.