Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№1 Ішкі аурулар кафедрасындағы «Наурыз мейрамы»

№1 Ішкі аурулар кафедрасындағы «Наурыз мейрамы»

28 Наурыз 2017

Наурыз – көптеген халықтар тойлайтын жаңа жыл тойы, көктем мерекесі. Ежелгі иран тілінен «Наурыз» - «Жаңа күн» деп аударылады.

Наурыз мейрамын тойлау аясында  15 наурыз күні №1 Ішкі аурулар кафедрасының базасында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, оған кафедраның оқытушылар және 7-курс интерндері ат салысып қатысты. Қонақтар ретінде кафедраға профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор Приз Владимир Николаевич, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы м.ғ.к., доцент, бірінші санатты жалпы тәжірибелі дәрігер және денсаулық сақтау ұйымдастырушысы және Омаркулов Бауыржан Каденович келді.

Мереке той өзінің көпұлттылығымен айрықша көрінді, бұнда қазақ халқының өзбек, қырғыз, орыс және украин ұлттарымен достығы көрсетілді. «Наурыз мейрамын» тойлау барысында қазақ халқының «Тұсау кесер», «Көрісу», «Сүйінші» сияқты салт-дәстүрлері таныстырылды. Концерт кезінде интерн-дәрігерлер өзінің таланттарын көпшілікке ұсынды. Сыдық Әйгерімнің (7-020 топ) орындауындағы «Ерке сылқым» күйін көрермен сүйсініп тыңдады; программа қонағы, 9-сынып оқушысы Жағыппаров Қуатжанның домбырамен айтқан  «Шіркін-ай»  әні көрерменді аң-таң қылдырды. Сонымен қатар, Эргашов Хайрулла «Кетса кетар» өзбек өлеңін айтуымен көзге ерекше түсті. 7-025 топ интерндері «Московская кадриль» орыс халық әніне шырқап биледі; ал 7-025 топ студенті Хохлова Алина «Чарiвна скрипка» әнімен концертімізге лирикалық нота қосты.

Концерт жүргізушелірі Жумабаева Акмарал (7-018 топ) және Каленов Асылхан (7-020 топ) болды.

Мереке тойда қазақ және өзбек ұлттық тағамдары ұсынылды, қалың жұрт алдына Наурыз көже де қойылды.

Қызықты өткен мерекелік бағдарлама барлық жиналған қауымды жақсы әсерге және көтеріңкі көңіл-күйге бөлендірді.

№1 Ішкі аурулар кафедрасы барлық жұртты Наурыз мейрамымен құттықтап, көңіліңіздерге көктем, жақсы көңіл-күй және ішкі үйлесімділік тілейді!

7-018 тобының терапевт интерні  Жумабаева Акмарал


0
5799

пікірлер

пікір қалдыру үшін.