Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

28 Наурыз 2017

Наурыз мейрамы — көктемгі жаңару мерекесі болып табылады.Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жаңа жылдың басталуы көктемгі күнмен түннің теңелуі күніне тұспа-тұс келеді. Қазақтар үшін бұл мереке молшылық, достық және махаббаттың тойлануының, көктемдік жаңару белгісі болып табылады. Ертеде Наурыз мерекесі қарсаңында адамдар үйлерін және шаруашылықтарын ретке келтіріп мерекеге арнап гүл, ағаш отырғызған. «Наурыз» көктемнің келуін білдіреді.

Бұл шығыс халқының ежелгі және маңызды фестивалі. Яғни, ежелгі шығыс күнтізбесіне сәйкес Жаңа Жыл.

Ұлыс күні  немесе Ұлыстың Ұлы күні деп те аталады. Наурыз мерекесін жомарттықпен тойлау жыл бойы үйге молшылық пен табыс алып келеді.

Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасында наурыздың 16-да Наурыз мейрамы өткізілді. Наурыз мейрамын кафедрада  тойлау-ертеден келе жатқан дәстүрге айналған мерекенің бірі.

Биылғы жылы кафедра қызметкерлерімен дәстүрге сай киіз үй жабдықталып оған Әл-Фараби ауылы деп ат берілді.

Бірлескен сахналық кеңістік ұстанымы бойынша хан стиліндегі Наурызға сәйкес әр түрлі тақырыптық жабдықтарына сүйеніп киіз үй безендірілген.

Келген қонақтарды ұлттық киімдер киген кафедра қызметкерлері мен олардың балалары және студенттер қарсы алып, өздері даярлаған ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.  Ұлттық аспап домбрада ән мен күй шырқалды. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрінің бірі «Бесікке салу» атты шағын театрланған көрініс қойылып «Бесік жыры» айтылды. Наурыз күні айтылатын «Самалық» және «Түлік жыры»-шырқалды.  Кафедра меңгерушісі М.М. Түсіпбекова өзінің құттықтау сөзінде бәріне жақсылық, бақыт, молшылық тіледі.

Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ұжымы барлық қазақстандықтарды – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды, бейбітшілік, сәттілік, ауызбіршілік және сыйластық, бақытпен шаттық тілейді! 


0
6050

пікірлер

пікір қалдыру үшін.