Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қош келдің, Наурыз»

«Қош келдің, Наурыз»

27 Наурыз 2017

2017 жылы  15 наурызда сағат 12:00 де Гоголь көшесі  40, 325 аудиторияда  №1 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында  «Қош келдің, Наурыз» атты театрлық қойылым көрсетілді.

Театрлық қойылымға №1 және №2 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылары, докторанттары, магистранттары және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5- курс студенттерінің қатысуымен ұлттық салт-дәстүрлер, соның ішінде «Келін түсіру», «Асық ойнау», «Қонақ қарсы алу», «Арқан тартысы», «Көрісу», «Сыңсу», «Беташар», «Сырға салу», «Ақ жол төсеу», «Сүйінші сұрау» және де қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Ең басты сый – 7 саны аптаның жеті күнін - мәңгілік марғұланның уақыт бірлігін бейнелейтін 7 түрлі тағамнан, оның ішінде: су, сүт, тары, сүр ет, шұжық,айран,тұздан  тұратын - «Наурыз көже» ұсынылды.

 «Әлқисса» күйімен, ұлттық билермен, қазақтың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен,  №1 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылырының орындалуындағы  «Атамекен» әнімен театрлық қойылым толықтырылды.

Қойылым дәстүрлі «Қара жорға» биімен және қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдары сыйға тартылған мерекелік дастарханға шақырылумен аяқталды.


0
5941

пікірлер

пікір қалдыру үшін.