Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Армысың әз - Наурыз!

Армысың әз - Наурыз!

18 Наурыз 2017

Наурыз - бұл қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік және иран тілдес халықтарының бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан ең басты мейрамы. Наурыз - бұл табиғаттың қыстан оянып, көктем келіп, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың және жаңа өмірдің басталғандығының белгісі.

Осы мейрам орайында №2 ішкі аурулар кафедрасы №1 Қалалық аурухана филиалының базасында қайырымдылық концертін өткізді. Мерекелік шараға «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 6 - курс интерн-терапевттері мен 4 курс студенттері қатысты.  Мерекелік безендірілген зал, құттықтаулар жазылған жарқын плакаттар әрбір келген қонақтың көңіл - күйін көтере отырып, қонақтарды мол жайылған дастарханымен қарсы алды.

Салтанатты мерекелік шараның ашылуы, дәстүрлі түрде, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры В.Б. Молотов-Лучанскийдің құттықтау сөзінен басталды. 

Қонақтарға және аурухананың науқастарына, медициналық қызметкерлеріне арнап ән мен би, домбырамен шертілген күйлер, ұлттық дәстүрлер және тағы басқалары көрсетілді.

Концерттің соңында №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М. Ларюшина қонақтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, әсерлі әрі жарқын концертті ұйымдастырған барлық студенттер мен қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қоса, қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты мерекелік шараның соңында барлық қонақтар жайылған  дастархандағы ұлттық тағамдардан және Наурыз көжеден дәм татты. Барлық мерекелік шара ынтымақтас, жылы көңіл- күйде өтті.

№2 ішкі аурулар кафедрасының ұжымы


0
6210

пікірлер

пікір қалдыру үшін.