Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шет тілдері кафедрасының «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» шеберлік сабағын өткізуі

Шет тілдері кафедрасының «Жоғары оқу орындарында кәсіби-бағдарланған тілді оқыту ерекшеліктері» шеберлік сабағын өткізуі

15 Наурыз 2017

2017 жылдың 20 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Орталық Қазақстан Академиясының магистранттары  ғылыми өтілім шеңберінде шет тілдері кафедрасының меңгерушісіп.ғ.к. В.АБурмистрова өткізген шеберлік сабағына қатысуға мүмкіндік алды. Шеберлік сабағына қатысушылар  кәсіби қызметтері үшін маңызды тақырыптармен танысты :

1.  Жоғары мектепте  кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың белсенді әдістері

2. Кәсіби-бағдарланған тіл шеңберінде СҒЗЖ

3. Кәсіби-бағдарланған тілді оқытуда В.С. Аванесовтың әдістемесі бойынша тест үлгілері.

4. Кәсіби-бағдарланған тілді оқытуда ойын технологиялары.

5. Зияткерлік карталар (mind-mapping) және оларды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері

Өткізілген шеберлік сабағының  негізгі мақсаты - күрделі мәселелерді шешу тәсілдері бойынша аталған салада тәжірибе алмаса отырып, жоғары оқу орындарында кәсіби-бағытталған тілді оқытудың теориялық және практикалық аспектілері бойынша ұсынылған ақпаратты беру.

Шеберлік сабағының және оның ұйымдастырылу деңгейінің мазмұндылығы туралы  тыңдаушылардың пікірі төмендегідей:

 «Шеберлік сабағы – маңызды, жеңіл, тәжірибеге-бағдарланған. Шеберлік сабағына қатысу барысында мен маңызды және қызықты жайттарды , яғни: кәсіби-бағдарланған тілді оқытудың белсенді әдістерін қалай қолдану, дәстүрлі емес сабақтарды қалай түрлендіру, ойындармен, жарыстармен және т.б.білдім. Шеберлік сабағындағы еліктіретін топтық және жеке жұмыстар еркін түрде өтті. Талқыланған тақырыптар бойынша әр қатысушы өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Көп рахмет!» (ОҚА магистранты М.Абдыкаримова)

«Шеберлік сабағының ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді, шеберлік сабағы шеңберінде көптеген маңызды тақырыптарды талқыладық. Оқу үдерісінде зияткерлік карталарды  қолдану мүмкіндіктері менің көңілімді аударды. Шеберлік сабағының болашақ қатысушысы ретінде оқытудың белсенді әдістерімен танысып қана қоймай, RBL әдісі бойынша  олардың тәжірибелік сабақтарда  қолданылуын көруге мүмкіндік алдым» (ОҚА магистранты Н. Устьянцева).

Сонымен, шеберлік сабағының негізгі мақсаты жүзеге асырылды деп тұжырымдауға болады, ал ОҚА магистранттары  үшін шеберлік сабағын жыл сайын өткізу ұсыныстары - шеберлік сабағы шеңберінде қарастырылған тақырыптардың  практикалық маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдейді.


0
5729

пікірлер

пікір қалдыру үшін.