Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бұрымды қыз

Бұрымды қыз

14 Наурыз 2017

Наурыз айының 7 күні ҚММУ-нің қабырғасында Ақжүніс қыздар клубының бастауымен «Бұрымды қыз» атты байқау өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрін, әдет-ғұрпын жалғастыру ниетімен, қазақ қыздарының бұрымын бағалау болды.

Бірінші кезеңде кез-келген курс және факультеттен ең әдемі, ең ұзын, көркі көз тартатын қолаң шаштарымен ерекшеленген қыздар іріктеліп алдынды. Келесі кезеңге барлық талапқа сай 8 қыз өтті:

1.  Сейдахали Гүлнәз 2-011 ЖМ

2.  Жақсыгелді Гүлім 2-001 БФ

3.  Арыстанбек Айжан 1-021 ЖМ

4.  Мұса Ақтолқын 3-020 ЖМ

5.  Турғанова Гүлайым 4-067 ЖМ

6.  Абдрахманова Макпал 3-076 ЖМ

7.  Әуез Арайлым 2-014 ЖМ

8.  Тойжігіт Балжан 3-015 ЖМ

Екінші кезеңде қыздар өздерін таныстырып, бұрымдарын кімнің көмегімен өсіргенін және шаш күтімі жайлы пайдалы кеңестерін ұсынды. Ең қызығы, қыздарымыздың барлығы да әжелерінің ақылымен, қолдауымен осындай бұрымға жеткен екен. Шаш күтімінде табиғи әдісті, яғни үй айраны мен жұмыртқадан жасалған қоспаны қолданған.

Үшінші кезеңде қыздардың тек бұрымдарының сұлулығы ғана емес, сонымен қатар, ақылы мен тапқырлығы да ескерілді. Оларға таңдауы бойынша түрлі құралдар беріліп, 5 минут көлемінде шаш үлгісін жасау тапсырылды.

Мерекеалдылық кеш болғандықтан, келген әділқазылар мен қатысушыларға және де көрермендерге арнап, жалпы медицина және стоматология  факультетінің декан орынбасары, «Ақжүніс» қыздар клубының жетекшісі Д.Т. Оспанова арнайы флейтада Абайдың дәстүрлі әндерін орындап, көрермендер мен келген қонақтардың назарын аударды.

Жүлделі орындар мен номинациялар Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор – В.Б. Молотов-Лучанский мен клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректоры – Б.Н. Көшерова бастаған бір топ әділқазылардың, яғни Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы – А.А. Унгарбаева  мен Қазақ тілі кафедрасы меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доценті – М.Ә. Мәретбаеваның, Қазақстан Республикасы Журналисттер одағының мүшесі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қарағанды облыстық филиалы Жаңалықтар бөлімінің редакторы – Ж. Рахметуллаулы мен Қарағанды  Ана Үйінің координаторы – А.Ж. Амированың, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің психологы – К.С. Марченко мен «Самұрық» студенттік республикасының мүшелерінің бірі, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің 2 курс студенті– Н. Мұстафинаның және университетіміздің №1 жатақхана төрайымы – Р. Джураеваның шешімі бойынша анықталып, 3-ші орын Жақсыгелді Гүлімге, 2-ші орын Мұса Ақтолқынға, ал бас жүлде Ауез Арайлымға бұйырды.

Әрбір орын алған жеңімпазға арнайы «Ақжүніс» қыздар клубының атынан сыйлықтар табысталды. Олар: Сән салонына 5000 теңгелік, 3000 теңгелік, 2000 теңгелік сертификаттар.

Сонымен қоса ешбір қыз назардан тыс қалдырылмай, құттықтау дипломдарымен марапатталды.

Ф.Н. Султанкулова ЖМ 4001 тобы 


0
6849

пікірлер

пікір қалдыру үшін.