Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Инновациялық оқыту әдісі ретіндегі пәнаралық сабақ

Инновациялық оқыту әдісі ретіндегі пәнаралық сабақ

14 Наурыз 2017

Қазіргі уақытта заманауи білім беруде оқытудың инновациялық технологияларының  қолданылуы білім алушылардың дербес, ұжымдық шығармашылық және зерттеу-іздестіру қызметін ұйымдастыруға негізделген, дәстүрлі оқытудың неғұрлым тиімді түріне түрлендіру жолдарын іздестірумен байланысты. Пәнаралық сабақ оқытудың инновациялық әдістерінің бірі болып табылады.  

№1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы Офтальмология, оториноларингология және реаниматология кафедрасымен бірлесе отырып,  "Күйдіру әсері бар (сірке қышқылы) умен жіті экзогенді уланған науқасты емдеу тактикасы мен диагностикасы" тақырыбында пәнаралық сабақ өткізді. Сабақ барысында науқасты ауруханаға дейін және аурухана деңгейінде жүргізу  тактикасы мен диагностикасының теориялық және практикалық дағдыларын тереңдету, жинақтау, жүйелендіру және бекіту мақсаттары қойылған. 

Пәнаралық сабақ басында №1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек  кафедрасының меңгерушісі А.Р. Алпысова қойылған мақсаттар мен міндеттерді анықтап,   студенттерді кәсіби және коммуникативті дағдыларды сапалы қолдануға және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін жақсартуға бағыттады.

Сабақ өткізу барысында студенттер стационардың қабылдау және реанимациялық  бөлімшелерінің деңгейіндегі жедел көмек жағдайында шұғыл терапия мен диагностиканың практикалық дағдыларын, сондай-ақ, жедел медициналық көмек қызметкерлері мен реаниматологтардың  іс-әрекеті дағдыларының үйлесімін,  жеке қарым-қатынас пен топта бірлескен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Студенттерге топпен жұмыс жасау және  практикалық дағдыларды қолдана білудің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесетін шынайылыққа жақындатылған жағдай ұсынылды.

А.Р. Алпысова, А.В. Кательникова

№1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы

Е.Г. Королёв 

Офтальмология, оториноларингология және реаниматология кафедрасы 


0
6083

пікірлер

пікір қалдыру үшін.