Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазан қаласындағы неврология апталығы

Қазан қаласындағы неврология апталығы

14 Наурыз 2017

2017 жылдың 13-17 ақпаны аралығында өткен көрнекті нейроғалым Бехтерев Владимир Михайловичтің 160 жылдық мерейтойына орайластырылған «Қазан – 2017 неврология апталығы» атты нейрофорум бірегей жоба болып табылады. Осы жобаның аясында 2017 жылдың 13-17 ақпан аралығында Татарстанның астанасында  бірнеше іс-шара өткізілді: «Болашақ ғалымдар» атты Бүкілресейлік жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы – оның географиясы Мәскеуден Ташкентке дейін жалғасқан, ІІІ Бүкілресейлік "Бехтерев оқулары – 2017" конференциясында Қазан неврологиялық мектебінің ең үздік өкілдері Мәскеу және Пермь, Санкт-Петербург пен Ульяновскіден жарқын ғалымдар мен баяндамашылар сөз сөйледі. Неврология бойынша өткен ІІІ Бүкілресейлік олимпиада осы жылы халықаралық болып, Ресей мен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан 25 команда мен 120-дан астам студенттері мен оқытушыларын жинады. Қазақстан Республикасын Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері таныстырды, олар «Бехтерев оқуларына» қатысып, олимпиадаға қатысу үшін белсенді команда құрады: Нелли Берент, Жиганшина Ильмира, Цильке Павел және Литвинов Вячеслав, сондай-ақ, осы команданың олимпиадаға қатысуы үшін бірге ілесіп баруға қуана келіскен және олимпиадада қазылар алқасында болған Неврология кафедрасының оқытушы Иванчина Марина Валерьевна. Олимпиаданың салтанатты ашылуы 2017 жылдың 16 ақпанында Қазан мемлекеттік медицина университетінде болып өтті, Ресей мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер алдында жалынды тілегімен сөз сөйлеген неврология, нейрохирургия және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, профессор Якупов Эдуард Закирзянович нейроғылымның өзекті мәселелерін сөз етті.  Бейнероликтер байқауы «Визитті карта» Олимпиаданың алғашқы және ұзақ тапсырмасы болды, студенттер өзінің қаласын, университетін, кафедрасын, оқытушыларын және командаға қатысушыларын таныстырды. Біздің жоғары оқу орыны командасы «Три дендрита, не считая аксона» атаумен шығып, студенттер өздерінің барлық шығармашылық әлеуетін қолдана отырып университет пен кафедра тарихымен таныстырды. Айта кетерлік жайт, команда қатысушылары бейне-роликті өте жауапты орындап қана қоймай, өздерін керемет режиссер, музыкант және актер ретінде танытты. Студенттер үшін екінші байқау Қазан мемлекеттік медицина университетінің ТДО базасында өткізілген  тәжірибелік дағдыларды бағалау болды.  Бұл байқауға біздің командадан 5 - курс студенттері Нелли Берент және Жиганшина Ильмира қатысып, неврологиялық науқастың статусын зерттеуде үздік білімдерін көрсетті. Келесі байқаулар Қазан мемлекеттік медицина университетінің акт залында өткізілді, оған кіретін байқаулар неврология тарихын білу, сонымен қатар нейроғылымның заманауи тенденциясы «Өткенді еске алу, оқытушыны құрметтеу, болашаққа ұмтылу», «Өнердегі неврология» байқауы, «Блиц» байқауы, сонымен қатар, клиникалық тапсырмаларды шешу байқауы. Клиникалық тапсырмаларды орындау үшін қатысушыларға 20 минут берілді, «Блиц» байқауының сұрақтарына 30 секундтан көп емес,  «Өнердегі неврология» байқауына бір сұраққа 1 минуттан аспайтын уақыт берілді. Неврологияның  барлық бағытынан қойылған ерекше және қиын сұрақтар қатысушылардың эрудициясын тексеруге лайықты болды.  Мысалға, «Өнердегі неврология» сұрағы әр түрлі фильмдердің, музыкалық шығармалардың эпизодтарынан тұрды, әр түрлі неврологиялық синдромдармен ауыратын науқастар бұлардың пациенттері болып табылды. Олимпиаданың салтанатты жабылуы 17 ақпанда өтті. Барлық команда қатысушыларына В.М.Бехтеревтің  ескерткішіне гүл шоғын қоюға қатысу ұсынылды, содан кейін олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жүргізілді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері мұндай деңгейлі олимпиаданың пионері атанып, сонымен қатар, клиникалық тапсырманы шешуде жоғарғы ұпай санын жинағанын атап өту керек.  Марапаттау рәсімі аяқталған соң, олимпиада қатысушыларына Қазан қаласы бойынша экскурсия жүргізілді, студенттер Қазан Кремлінде болды, сонымен қатар, көне де әсем астана туралы  көптеген аңыздармен танысты. Осынау білімдік, ғылыми, клиникалық, тәрбиелік жобаға қосылған үлес – зая болмады, себебі, нейрофорумға қатысқан әр студент өзіне жаңа идеялар жинап, өздерінің оқытушыларын есіне алып, ұжыммен қарым-қатынас жасау ләззатына бөленді  және қонақжай қаладан кетерде осы бір тамаша қалаға қайта келетіндей өте жақсы сезімде болды. 

Жиганшина Ильмира, 5 - курсЖМ.


0
6197

пікірлер

пікір қалдыру үшін.