Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматыдағы дебат турнирі

Алматыдағы дебат турнирі

13 Наурыз 2017

25-26 ақпанда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ҚР ЖОО арасында “KazNMU CUP II” республикалық турнирі болып өтті.

Жыл сайынғы турнир  “KazNMU CUP II” талантты ортаторлар үшін жақсы бастама болып табылады.

 Турнирге Қазақстанның барлық  өңірлерінен 64 команда қатысты. Осы жолы талқылауға берілген тақырып: медициналық туризм, медициналық дәрі-дәрмектерді клиникалық зерттеу, медицина қызметкерлерінің кәсіби сапасы және басқа да өзекті сұрақтар.

  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс.kz» пікірталас клубының қатысушылары Маликайдар Айжан және Қойшын Мөлдір қатысты.

  Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар спикерлік ұпайлар бойынша  “Альфа” және “Бета” деген екі лигаға бөлінді. «Альфа» лигасында спикерлік көрсеткіштері жоғары және жеңістер саны көп спикерлер қатысты. Америкалық парламент форматында командада екі адамнан қатысты. Дебаттың мәні - үкімет және оппозиция болып қарсыластар берілген тақырыпта сөйлей білу.

Жарқын және қызықты тартыста жеңіске Қарағандылық «Намыс.kz» командасы қол жеткізді.

  «Намыс» ПК ҚММУ ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына турнирге қатысуға көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдіреді.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
5981

пікірлер

пікір қалдыру үшін.