Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Көктем келеді! Көктемге жол беріңдер!"

"Көктем келеді! Көктемге жол беріңдер!"

10 Наурыз 2017

Көктем! Көктемнің алғашқы мерекесі – барлық уақытта ерлердің серенада арнайтын сүйкімді ханымдар, сиқыршылар, арулардың мерекесі.

Көктемгі көңіл-күй жасау үшін 6 наурызда акт залында мерекелік концерт болып өтті. Концертке орындаушылардан «халық қалауларына» айналған өнерпаздар қатысты.

Концерт оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Молотов-Лучанский Вилен Борисовичтің ерекше «нөмірімен» басталды: молекулялық биология кафедрасы студенттерінің халықтық рецептісі бойынша  дайындалған қолдан жасалған сабындардан әзілді аукцион ойнатылды.

Залда отырған сұлулар аукционға қатысушалардың мәрттігіне тәнті болды.

Заманауи балеттің көптеген қимылдарымен ортаға шыққан «Қаракөз» Халықтық ансамбілінің өкілі Ғани Еркебұлан би композициясын орындауы танымалдылыққа ие болды.

Театрландырылған  би тобы  «Golden Step» біздерге махаббат пен мәңгілік мереке сыйлады.

Әншілер тобы 80 – жылдардағы музыкалық атмосфераны «Попурримен» жеткізді.

Тәжікстаннан келген қонақ Рабия Ходжаева нәзік және жүрекке жылы тиетін дауысымен әлемдегі ең әдемі сөз – «мама» деп ән шырқады. Бұл – дүние есігін ашқанда айтатын адамның ең алғашқы сөзі. Ол барлық тілдерде бірдей көркем айтылады. Қанша жаста болсаң да,  5-те  немесе 50-де  – ананың орны сен үшін бөлек.Анаға деген махаббат қаншалықты күшті болса,өмір де жарығырақ бола түспек...

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған университетіміздің студенттерінің шығармашылық ұжымдарының концертін өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Вокалдық нөмірлер және би композициялары қатысушыларға көптеген жағымды  және жылы эмоция сыйлады.

Концерттік бағдарлама сәулелі, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады!

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
6697

пікірлер

пікір қалдыру үшін.