Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Серіктес ЖОО-да ұтқырлықтан мобильділікті өту туралы.

Серіктес ЖОО-да ұтқырлықтан мобильділікті өту туралы.

09 Наурыз 2017

2017 жылдың 30 қаңтарынан 27 ақпан аралығында Қазан қаласының Қазан мемлекеттік медицина университетінде қалыпты физиология кафедрасында ғылымимашықтанудан өттім.

Қазан мемлекеттік медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасы Ресей мемлекетінің ежелгі кафедраларының бірі болып табылады. 1806 жылы Қазан императорлық университетінің анатомия, физиология және сот медицинасы ғылымы кафедраларының құрамында пайда болған.  2006 жылы кафедра өзінің 200 жылдығын атап өтті.

Академиялық ұтқырлық аясында мен стоматологиялық факультет студенттеріне «қалыпты физиология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар жүргіздім.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында норадреналин мен серотониннің миокардтың жиырылуына әсер ету реакциясын көру мақсатында екі сериялы эксперименттер өткізілді 1) өкпелік гипертензиясы бар балаларда және 2) 5-6 апталық егеуқұйрықтарда.

Қазан мемлекеттік медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасы Ресей мемлекетінің басты ғылыми мектебі болып табылады. Кафедра қызметкерлері жасуша-молекулалық деңгейдегі  синапс арқылы тасымал; нейродегенеративтік аурулардың іргелі патогенезінің негіздері; қалыпты жағдайда және патология жағдайында жүрек қызметінің реттелуінің механизмдері; қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жұмысының реттелу механизмдері; жүйке жүйесі ауруларын заманауи емдеу әдістерін дамыту.

Қалыпты физиология кафедрасында ұтқырлықтан өту уақытында, мен эксперименттерді орындау барысында жаңа тәжірибе жинақтадым. Осы алған білімім болашақта ғылыми бағытымды дамытуда өз септігін тигізеді деген ойдамын. ҚММУ-нің физиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., проф. Ф.А. Миндубаеваға Қазан мемлекеттік медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасында эксперименттерді орындау мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіргім келеді.

   М.Ж. Ахметова

Физиология кафедрасының оқытушысы


0
5870

пікірлер

пікір қалдыру үшін.