Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ оқытушыларының Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіндегі академиялық ұтқырлығы

ҚММУ оқытушыларының Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіндегі академиялық ұтқырлығы

09 Наурыз 2017

13. 02. 2017 – 24.02. 2017 жж. аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (ҚММУ) Медициналық биофизика және информатика кафедрасының оқытушылары А.А. Айткенова, Қ.Ж. Бадекова, А.М. Тажина Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (ЖезУ) мен Қарағанды мемлекеттік медицина университеті арасындағы профессорлық – оқытушылық құрамының (ПОҚ) академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Ө.А. Байқоңыров атындағы ЖезУ- да болды. Бекітілген уақыт аралығындағы жоспарланған тақырыптар бойынша «Биология» мамандығының 1-2 курстарының академиялық топтарында «Адам және жануарлар физиологиясы», «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар», «Цитология және гистология» пәндері бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік және зерханалық сабақтар, тәрбие сағаты жүргізілді.

Өткізілген тақырыптық жоспар сабақтары проблемалық дәрістер мен мәселеге бағытталған және топтық-бағдарланған оқытудың белсенді әдістеріне негізделген. Студенттердің танымдық жұмыстары мен ізденімпаздықтарын арттыру, дағдыларын қалыптастыру және теориялық білімдерін тиімді меңгеруін қамтамассыз ету мақсатында интерактивті әдістер қолданылған әр сабаққа студенттер тарапынан зор қызығушылық туындап, мәселелерді талдау барысында пікір – талас жүргізілді. Әр сабақтың соңында студенттерге сауалнамалар берілді. Ұсынылған сауалнама талдауы бойынша студенттердің көбі аталған әдістер бойынша жаңа тақырыпты меңгеру тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, «Биология» мамандығының 1- курс студенттеріне «Білімді ұрпақ жарқын болашақтың кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген сабақтарға, аталмыш ЖОО оқытушылары қатысып, сабақтардың белсенді әдістері қызу талқыланып, оқытушылар тарапынан оң пікілер айтылды.

Білім беру мен біліктілікті алмастыруды жүзеге асыруда барған іс- сапардың жүйелі ұйымдастырылуына зор үлестерін қосып, сабақ жүргізуге ыңғайлы аудиториялар мен сабаққа қажетті заманауи құрал – жабдықтарды уақытында іске қосылуын қадағалап және қонақжайлық пен достық, жылы көңіл – күй білдіріп, қаблдағаны үшін Ө.А. Байқоңыров атындағы ЖезУ басшылығына және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұжымына, сондай – ақ арнайы б.ғ.к. Г.Ж. Мырзалы, Ж.К. Жансейтова, аға оқытушылары К.М. Татамбаева, А.К. Сыздықова, К.С. Марткамалова және Л.К. Кульсейтоваға шексіз алғыс білдіреміз.


0
6544

пікірлер

пікір қалдыру үшін.