Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қайырымдылық концерті

Қайырымдылық концерті

03 Наурыз 2017

Музыка - өнердің бір түрі, саясат және экономикадан тыс, бірақ, дегенмен, адамдар бірлестігінің қуатты құралы болып табылады, ол бізге бір-бірімізді жақсы біліп түсінуге мүмкіндік береді.

24 ақпан күні "Шалқыма"  концерт залының сахнасында бірегей оқиға  -  Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шығармашылық ұжымының бірлескен қайырымдылық  концерті өтті.

 Алғыс күнін өткізу бойынша іс-шаралар бағдарламасының шеңберінде концерт өтті . Концерт қонақтарының арасында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, зиялы қауымның, білім беру ұйымдарының өкілдері болды.

Концерт бағдарламасында қазақ композиторларының, орыс және шетел композиторларының шығармалары орындалды. Тыңдармандардың жүрегін жаулап алған  Дүйсен Үкібайдың басшылығындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі "Сарыжайлау" күйімен концертті ашты, ол күйде философиялық көңіл-күй, табиғат және өмір туралы айқын көрсетілген.

Оркестрдіңмузыкалық шығармаларыөзіндік өңдеуі және ерекше түсіндірмесі арқылы қалың көпшілікке, соның ішінде жастарға да  қол- жетімді.

«Орыс  жанының жұмбағы» - бұл нақышты сөзді бренд деп есептеуге , немесе клише деп қабылдауға болады. Бірақ, шынын айтқанда,  ұлттық сипаттың негізгі құрамдас бөліктерін нотаға лайықтасақ, сонда оның жауабын  "Конь" әнін орындаған «Жігіттер» вокалдық тобы және Ералиева Диана орындаған «Ах, Самара – городок»  әнінен  табуға болады.

Тартыс – бұл қазақ күйшілерінің ежелгі салт-дәстүрі,  домбырашылар жарысында қатысушылартүсіндіру сұлулығында бәсекелесіп, жеке орындау кезінде белгілі бір  күйге қосыла кетеді.

Қалың көпшілік тарапынан  жігерлендіру қол шапалақтардың астында эстафетамен үзіліссіз бүтін күй сюитасын ойнап, Жабагенов Диас және  Алматов Зейнолла бірге, шапшаң қарқында, шекті қайтарыммен  халық арасындағы ең сүйікті Құрманғазының «Сары Арқа» күйін орындады.

Бұл кеште сахнада болған барлық орындаушылар өзінің өнер көрсетуіне жанын салды, сондықтан көрермендер музыканттарды және көркем өнер әртістерін қошеметпен қарсы алды.

ҚММУ жастармен жұмыс жасау бөлімі.


0
5999

пікірлер

пікір қалдыру үшін.