Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқықтық мемлекеттегі толеранттылық

Құқықтық мемлекеттегі толеранттылық

03 Наурыз 2017

«Самұрық» студенттік республикасының Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі министрлігі жастармен жұмыс жасау бөлімімен бірге толеранттылық күніне арналған  «Құқықтық мемлекеттегі толеранттылық» атты зияткерлік ойын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты –  студенттерді дін саласының мәселелері мен мемлекеттің конфессионалдық саясаты туралы хабардар ету.

Іс- шара барысында қатысушылар осы сала бойынша ҚР азаматтарының (сонымен қатар, студенттердің)  құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ, діни сұрақтар және діни ұйымдар жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылды.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды 2 топқа бөлді, әрбір топ күрделілігі 10-50 балл шамасындағы сұрақтарға жауап  беруі керек еді.Бұл сұрақтар келесі категорияларды қамтыды: әлемдік діндер, аңыздар, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері, ҚР-ның дін туралы заңы.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің IV курс бойынша деканының орынбасары Д.Т. Оспанова және ҚММУ діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі комитетінің  төрағасы С.А. Никифорова, сонымен қатар, «Самұрық» СР-ның құқықтық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі министрі Т.Абдрахман, мәдениет министрі Ж. Жумабай  және әлеуметтік жұмыс бойынша министрі С. Мирзатаева осы іс-шара қонақтары болды.

Ойын нәтижесі бойынша, «Мир» тобы»(капитаны Канаш Асылхан) 260 балл жинап, жүлделі 2-орынды иеленді. Ал «Арғындар»тобы (капитаны Жусупова Жансая) 330 балл жинап,ойын жеңімпазы атанды.

Ахметчина Мадина

«Самұрық» студенттік республикасының

Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі министрлігі


0
6246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.