Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Ректорының тұңғыш балы

ҚММУ Ректорының тұңғыш балы

01 Наурыз 2017

17 ақпан, 2017 жылы «VillaBorghese» мейрамхана кешенінде біздің университеттің тарихында тұңғыш Ректор балы болып өтті.

Іс-шара университет әкімшілігінің қолдауымен және «Самұрық» Студенттік Республикасымен ұйымдастырылды.

Балға қатысушы елу жұп екі ай бойы би «па» үйреніп, осы күні өз еңбектерінің жемісін көрсету үшін, классикалық би құдыретінің сұлулығын жеткізу үшін тырысты.

Біздің дебютанттарды қолдауға ата-аналары, туған-туыстары мен жақындары келді.

Барлық қатысушылар өнер керсеткеннен соң, қазылар алқасы әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады:тұңғыш бал Патшасы және Ханымы болып Сәлімов Шыңғыс 3-056 ЖМ және Әбдіраш Ақмарал студент 4-002 МПІ мамандықтарының студенттері атанды. Жүлде ретінде, барлық номинациялар жеңімпаздары демеушілерінен ақшалай сертификаттар алды.

Бал біздің келесі демеушілердің қолдауымен өткізілді: «Элит» медициналық киім дүкені, «Villa Borghese» мейрамханасы, «Луиджи» пиццериясы, «Sultan Collection» сән үйі, «Штаб-пәтер» тайм-кафесі және «DK Collection» қолдан жасалған зергерлік бұйымдар.

Ректорының тұңғыш балы - университет жастарына елеулі әсер етеді, жағымды сезімдер және әдептіліктің үлгісі, сонымен қатар білім беру жұмысын ғана емес, сондай-ақ студенттік өмірдің мәдениетін арттырады.

Кенесова Алуа

«Самұрық» Студенттік Республикасының Депутаты


0
7729

пікірлер

пікір қалдыру үшін.