Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Біз жұлдыздарды жарқыратамыз»

«Біз жұлдыздарды жарқыратамыз»

03 Наурыз 2017

Ерекше дауыс иелерінің өнері, көңілден шығатын әзілдер мен әсем билер – бұлардың барлығы ҚММУ бас корпусының қабырғасында №1 ішкі аурулар кафедрасының 6-курс интерндерінің жүргізген «Біз жұлдыздарды жандырамыз» атты жарқын және естен кетпестей концертінен басты көріністер.

10 ақпанда 329- аудиторияда №1 ішкі аурулар кафедрасының мұғалімдері, интернатура деканатының өкілдері және де талантты қатысушылар – 6- курс интерн-терапевтерінің басын қосқан іс-шара болып өтті.

Концертті керемет жүргізушілер С.Юнусов (6-036) және Н.Самойлова (6-050) көтеріңкі көңіл-күйде бастап, көрермендерді қарсы алды. Сахнаға  алғаш болып шыққан Б. Дүйсенова, А. Тұяқбаева, А. Лес, Ш. Алламұратова (6-043, 6-044) ұлттық нақыштағы киіммен, қазақтың салт-дәстүрінен сыр шертетін әсем биімен кешті ашты.

Кеш жалғасы 6-049 және 6-50 топтар дайындаған ЖОО-ның және №1 ішкі аурулар кафедрасының ғылыми-медициналық іс-шаралары жөніндегі бейнежазбамен жалғасты. Кафедраның өмірінен алынған бейне үзінділерді көрермендер ыстық ықыласпен және көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Қ. Жылысбай (6-037) «Әке-ана», А. Нехметжанов «Моя девушка учится в меде», А. Молдабекова  (6-040) «Менімен биле» атты қазақ және орыс тілдеріндегі әндер орындап, өздерінің вокалдық өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, гитарамен музыкалық композиция- попурриді А. Ахметов (6-056) орындады, одан әрі домбырада «Адай» күйін шерту арқылы Д. Ахметов (6-038) залды серпілтті.

Өзгеше және түрлі-түсті үнді биімен Н. Самойлова (6- 052) көрермендерді ерекше көңіл-күйге бөледі. Н. Чернышеваның (6-047) гитарамен орындауындағы «Есть только миг» әнін көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады. Көңілді де, әсерлі сарындағы испан биімен Т. Ермаханбетова, Ж. Тойшыбек, А. Жақсылық, П. Жандарбек (6-036, 6-037) сынды көрікті қыздар концерттің көркін одан әрі қыздыра түсті. А. Абеновтың (6-039) орындауындағы «Love you like a love song» әні сезімге және шабытқа толы болды.

Кешті одан әрмен жалғастырған позитивті интерндер И. Канеев (6-052), М. Доновский (6-047), Н. Алтиев (6-049) және Д. Нехметжанов (6-049) орта ғасырдағы интерн-терапевттердің өмірінен алынған әзіл-сықаққа толы қойылымы арқылы залдағы қалың көрермендерге ерекше сергектілік және қуаныш сыйлады.

Концерт соңында орындаушылар А. Касимова және А. Сарсекеева (6-048) «Зажигаем звезды» әсем әуенімен барлық қатысушыларды сахнаға жинады.   

Қойылым алаңын безендірген 6-053, 6-054, 6-045 топтарына шақыру билетін жасаған 6-051 тобына және іс-шараны ұйымдастырған 6-047 тобына жеке алғыс білдірілді.

Көрермендердің іс-шараны жылы қабылдауы – мұның барлығы ерекше әсерге бөлейді және естен кетпес көңіл-күй сыйлайды. 

 

   №1 ішкі аурулар кафедрасының

  6-036 - топ интерні С.Юнусов,

6-047 - топ интерні А. Шаяхметова


0
6034

пікірлер

пікір қалдыру үшін.