Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқушылардың клиникалық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың клиникалық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

28 Ақпан 2017

2017 ж. 21 ақпанда «Оқушылардың клиникалық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Турмухамбетованың төрағалығымен пленарлық отырысының семинары ашылды.

Қатысушылар, Л.Л. Мациевскаяның «Танымдық және мінез-құлық дағдыларын оқыту аспектілері» атты баяндамасын үлкен қызығушылық танытып тыңдады. 

Одан әрі жұмыс барлық кезеңдерде талқыланып клиникалық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру мәселелері секциялар бойынша өткізіледі:

-  жалпы білім беретін пәндері бойынша;

-  «медициналық-профилактикалық іс» және «фармация» мамандықтары бойынша;

-  «жалпы медицина» мамандығы бойынша негізгі және кәсіби пәндер оқу кезінде;

-  интернатура мамандығы бойынша;

-  ЖОО кейінгі білімі;

-  сондай-ақ студенттердің клиникалық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру кезінде инновациялық технологияларды пайдалану.

Барлығы 43 баяндама тыңдалды. Семинардың әрбір секциясында қатысушылардың сөздері талқыланып, жасаған ұсыныстармен аяқталды.

Семинар соңында ҚММУ академиялық кеңесінің инновациясы мен талдау орталығы қатысушылардың ұсыныстарын қорытындылады, нақты шешімдер қабылдап және АК келесі отырысының баяндамасы үшін шолулар дайындады.

Академиялық кеңес семинарға қатысқан  барлық қатысушылар мен модераторларға өз алғысын білдірді. 


0
5957

пікірлер

пікір қалдыру үшін.