Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2017 жылғы бакалавриат түлектерінің Талдықорған қалалық медицина колледжінің директорымен кездесуі

2017 жылғы бакалавриат түлектерінің Талдықорған қалалық медицина колледжінің директорымен кездесуі

28 Ақпан 2017

ҚР ДМ жол картасын іске асыру аясында 2017 жылдың 16 ақпанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру және бөлу бойынша клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен  2017 жылғы «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектерінің Талдықорған қаласы медициналық колледжі директорымен кездесуі өтті.

Құттықтау сөзбен клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы бастады. Түлектерге емтихандарын сәтті тапсырып, мамандық бойынша жұмысқа орналасуларын, өмірде кәсіпқой маман ретінде өз орындарын табуын тіледі.

Әрі қарай Талдықорған қалалық медицина колледжінің директоры Серік Максимұлы Жансенгиров жалғастырды, қатысып отырғандарды медицина колледжінің қажеттіліктерімен таныстырды, жұмыс ережесі, еңбекақы төлеу шарты және ұсынылатын әлеуметтік пакет туралы айтты. Сонымен қатар, Талдықорған қалалық медицина колледжінің барлық мамандарының алыс және жақын шетелде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Отырыс ерекше болды, директор Таплдықорған қаласының көрнекті орындары, жағымды климаттық жағдайы туралы әңгімеледі, сондай-ақ, өз қызметкерлері үшін демалыс орындары мен сауықтыру шараларын ұйымдастыруда ерекше қарым-қатынас болатынын айтты.

Қорытынды сөзінде Серік Максимұлы Жансенгиров барлық түлектердің кәсіби істеріне сәттілік тілеп, болашақта жемісті ынтымақтастыққа үмітін білдірді.

Жыл сайын клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі түлектер мен жұмыс берушілер арасында байланыс ұстау үшін шаралар өткізеді.

Университетте оқуларын аяқтаған соң түлектерді жұмысқа орналастыру оларға өз кәсіби саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі


0
6858

пікірлер

пікір қалдыру үшін.