Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«MED talks» конференциясы – ұтқыр ойлар мен сыңдарлы талқылаулар алаңы

«MED talks» конференциясы – ұтқыр ойлар мен сыңдарлы талқылаулар алаңы

24 Ақпан 2017

2016 жылдың қараша айынан бері,жалпы медицина және стоматология факультет Студенттерінің өзін-өзі басқару комитеті«TED»«Таратуға тұрарлық идеялар»стилінде құрылған (www.ted.com)«MED talks» конференциясынай сайын өткізуде. «MED talks» конференциясына әр түрлі курс және факультет студенттері жиналып, 15 минуттың ішінде әрқайсысы көрермендер алдында өз ойларымен, тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөліседі.

Конференция мақсаты: TED Talks (www.ted.com) халықаралық ұйымы сияқты студенттердің ғана емес, сонымен қатар педагогикалық кадрлардың да өзін-өзі дамыту және ой-өрісін кеңейту үшін идеялар мен пікірлер тарату мақсатында әр түрлі тақырыптағы мәселелерді қозғап, кездесулер ұйымдастыру.

Конференция форматы: регламент -5-15 минут. Спикердің  ұсынған жобасынан кейін, оны талқылауға және аудиториямен кері байланыс жасауға уақыт бөлінеді (сұрақ-жауап). Конференцияның тақырып таңдау  бағыты және саласы әр түрлі: медицина, ғылым, дизайн, өнер, денсаулық сақтау, саясат, мәдениет, бизнес, технология,ойын-сауық және  т.б.

«MED talks»-өзін-өзі дамытуға және қызықты идеялармен бөлісуге құмар студенттер. Сіз де бұл үрдістің маңызды бөлігі  бола аласыз! Сізде ұтқыр ой бар ма? Өзіңіздің біліміңізбен, тәжірибеңізбен бөліскіңіз келе ме? Міндетті түрде бізге хабарласыңыз!

Жалпы медицина және стоматология факультет  Студенттерінің өзін-өзі басқару комитеті.


0
6700

пікірлер

пікір қалдыру үшін.