Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей балалар инфекционистерінің XV «Жұқпалы аурулар патологиясы мен вакцинопрофилактикасының өзекті мәселелері» Конгресі.

Ресей балалар инфекционистерінің XV «Жұқпалы аурулар патологиясы мен вакцинопрофилактикасының өзекті мәселелері» Конгресі.

22 Ақпан 2017

08.12.16 -10.12.16 жжаралығында Мәскеу қаласында «Ресей балалар инфекционистерінің XV «Жұқпалы аурулар патологиясы мен вакцино-профилактикасының өзекті мәселелері» Конгресі өтті.

Конференция ұйымдастырушылары: «РФ денсаулық сақтау министрлігі», «Мәскеу қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «ҰП «Ұлттық Медициналық палата», «Ресей Ғылым Академиясы», «Н.И. Пирогов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу медицина университеті».

Конференцияға қатысқандар Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан дәрігерлер, клиникалық ординаторлар, интерндер, магистранттар, студенттер болды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан Жалпы Медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері 4-089 топ Шауменкулова Фариза, 4-077 топ Бейсен Нұрайым, 5-курс 5-056 топ Әлімбекова Айғаным «Жасөспірім қыздар арасында лямлблиоздың клиникалық және морфологиялық көріністері» тақырыбына постерлік баяндама ұсынды.

Ғылыми жетекші: ҚММУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор, академик РЖА Р.Х.Бегайдарова.

Конференцияның сонында қатысушыларға ғылыми-тәжірибелік журналында жарияланған мақалалары шығарылды, Конференция материалдарының жинағы сый ретінде берілді және дипломмен марапатталды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіның ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға және біздің ғылыми жетекшіміз Р.Х.Бегайдароваға, халықаралық конференцияда қатысуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.


0
6383

пікірлер

пікір қалдыру үшін.