Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ауғанстан – біздің жан жарамыз және біздің жадымызда

Ауғанстан – біздің жан жарамыз және біздің жадымызда

21 Ақпан 2017

Жиырма сегіз жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес одағының соңғы жауынгері Ауғанстан жерінен шығарылды. Бұл күні 1988 жылдың 15 мамырында басталған кеңес әскерлерін шығару процесі аяқталды. Ауғанстанға 1979 жылдың желтоқсанында Шектеулі контингентті енгізудің себептері мен мақсаттылығы туралы жыл сайын қоғамда дәстүрлі түрде пікірталас туғызады. Дегенмен, ешқандай пікірталас, қарама-қайшылықтар мен тарихи түсіндірулер уақытты кері қайтара алмайды. Ауған оқиғасына қатысушыларды қайтадан сол соғысқа дейінгі қалыптарына келтіре алмайды, ешкім және ештеңе олардың аналарының, әкелерінің, жұбайларының, қарындастары мен достарының жан жарасын емдей алмайды...

  2017 жылдың 11 ақпанында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті әскери кафедрасында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 28-жылдығына арналған шаралар өтті. Жоспарланған шараға әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, медицина қызметінің полковнигі А.М. Мұхаметжанов, Ауған соғысына қатысушы –медицина қызметінің отставкадағы гвардия полковнигі,  Ғ.З. Балтынов, оқытушылар құрамы, ҚММУ және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

  Әскери кафедра бастығының басшылығымен Ауған оқиғаларының қатысушысы,  әскери кафедрада оқитын студенттер қаламыздың Жеңіс паркіндегі Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне барды. Мемориалға құрметті күзет қойылып, шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды және Ауғанстанстанда қайтыс болғандарды еске алу рәсімін өткізді.

  Содан кейін университет қабырғасында өткізілген тағы бір шараны әскери кафедраның цикл бастығы, медицина қызметінің подполковнигі В.Е. Садченко сөз сөйлеп, ашты. Жиналғандар қайтыс болған жауынгерлерді минуттық үнсіздікпен еске алды. Әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жыл сайын ақпан айында жауынгер-интернационалистердің ерліктеріне арналған түрлі шаралардың өткізілетінін айтып өтті. Мұндай кездесулер жас жігіттер мен қыздарды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелейді. Олардың мыналарды біліп, есте сақтағандары біз үшін маңызды: «Бұл салтанатты күнге сол оқиғаларды, Отан алдында жауынгерлік қызметтерін атқарып, бірақ сол жақта мәңгілікке қалғандарды еске алу үшін жиналдық. Ең бастысы – осындай соғыстың болғанын және оған біздің адамдарымыздың қатысқанын ешқашан ұмытпау. Сіздер – ауған соғысының ардагерлері, еліміздің тарихында мәңгілік есте қалдыңыздар. Сіздерге басымызды иеміз!».  

  Бұдан кейін сөз алғандар жауынгер-интернационалистердің еліміздің жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде зор үлес қосқандары даусыз екендігін атап өтті.

  Ауғанстан соғысы жылнамасындағы әскери іс-қимылдар, сол кездердегі мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер туралы фильмдер көрсетілді.

Одан кейін медицина қызметінің отставкадағы гвардия-полковнигі Балтынов Ғабдолла Зайданұлына құрмет көрсету жалғасын тапты. Біздің университеттің студенттері соғыс жылдары, Ауған соғысы туралы өлеңдер мен әндер орындалған концерт ұйымдастырды. ҚММУ мен Е.А. Бөкетов атындағы университеттің барлық взвод студенттері құттықтау жолдады.

  3-взвод студенттері өз кураторына жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, ерекше мәні бар күнмен құттықтап, оған денсаулық, оқытушылық қызметіне сәттілік тілеп, естелікке сыйлық берді.

  Жиынның соңында Ауған соғысының ардагері, медицина қызметінің отставкадағы гвардия-полковнигі Балтынов Ғабдолла Зайданұлы сөз сөйледі. Ол жиналғандардың барлығына өз алғысын білдіріп, бейбіт аспан мен амандық тілеп, тарихтың берген сабағын есте сақтап, өз батырларын ұмытпауларын және Отанымыздың лайықты ұлдары болуларын тіледі. Шараның соңында барлық қатысушылар естелік суреттерге түсті.

 

ҚММУ әскери кафедрасының

цикл бастығы

запастағы м/қ подполковнигі В. Садченко

ҚММУ әскери кафедрасының

зертхана меңгерушісі  К. Рахымжанова


0
7763

пікірлер

пікір қалдыру үшін.