Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

20 Ақпан 2017

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті (М. Оспанов атындағы БҚММУ) мен Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (ҚММУ) арасындағы профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасын  тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында, 30.01.2017-08.02.2017жж. аралығында ҚММУ №1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Р. Алпысова М. Оспанов атындағы БҚММУ болды.  

Көрсетілген уақыт аралығында мен «Жалпы медицина» факультетінің 5-курс студенттері үшін «Жедел шұғыл медициналық көмек» пәні бойынша проблемалық және академиялық дәріс түріндегі дәрістік курс оқытуды және белсенді әдістер мен симуляциялық құралдарды  (манекендер, муляждар) қолдана отырып тәжірибелік сабақтарды өткіздім.

БҚММУ табысты білім беру үдерісіндегі үлкен демеу ретінде олардың меншікті клиникасы - М. Оспанов атындағы Медициналық орталық болып табылады, сол жерде сабақтарға қатысу және Практикалық дағдылар орталығын көру мүмкіндігі туды.  Университетте жұмыс істеу уақыты аралығында мен келесі клиникалық базаларымен таныстым: Ақтөбе облыстық ауруханасы, Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Ақтөбе қ. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы, Практикалық дағдылар орталығы.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау және жоғары оқу орнының дамуының естелік кезеңдерін сақтаған, Денсаулық сақтау мен БҚММУ  тарихи-өлкетану Музейі есте өшпес әсер қалдырды.

Осы жоба аясында жаңа білім беру мен біліктілікпен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік берген ҚММУ ректоры профессор Р.С. Досмағамбетоваға және М. Оспанов атындағы БҚММУ ректоры Е.Ж. Бекмухамбетоваға үлкен алғысымды білдіремін.

Профессор, м.ғ.д. Ж.Н. Саркулова басқаратын М.Оспанов атындағы БҚММУ Нейрохирургия курсымен жедел кідіріссіз медициналық көмек, анестезиология және рениматология кафедрасының қызметкелеріне «Білім беру үрдісіне дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу» семинарында оқытуды және  «Жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне клиникалық хаттамаларды енгізу», «Медицина технологиясын бағалау» модуліне қатысуды ұйымдастырғаны, қонақжайлылық, жылы қабылдау және достық көңіл-күй үшін   М. Оспанов атындағы БҚММУ Жедел кідіріссіз медициналық көмек, нейрохирургия курсымен анестезиология және реаниматология кафедрасының қызметкерлеріне алғысым шексіз. 

  Біздің бірлескен жұмысымыздың алғашқы тәжірибесі біздің ынтымақтастықты одан әрі бірлескен жемісті бастамаларды жоспарлауға ынталандырды.

ҚММУ №1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек көрсету кафедрасының меңгерушісі  А.Р. Алпысова


0
9261

пікірлер

пікір қалдыру үшін.