Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Депутаттарымен Кездесу

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Депутаттарымен Кездесу

16 Ақпан 2017

2017 жылғы 6 ақпан күні конституциялық реформаларды талқылау және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жаһандық бәсекеге қабілеттілік» үндеуінің негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Пшембаев Мейрам Құдайбергенұлы, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды Облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бекбатыров Назарбек Жөкенұлы университетіміздің студенттерімен кездесу өткізді.

  Еліміздің денсаулық сақтау саласында жоғарғы білікті және рухани бай мамандарды дайындау және тәрбиелеу Президент үндеуінің негізгі ережелерін жүзеге асырудың шешуші бағыты екенін Парламент Мәжілісінің депутаты ерекше атап өтті.

  Депутаттың сөзінен кейін студенттер өздерін қызықтарған сұрақтарын қойып пікір алмасты. Өз кезегінде Мейрам Құдайбергенұлы студенттерімізге бағалы кеңестерін беріп, университетімізде көп тілде білім алу әлемнің жетекші оқу орындарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

  Университетіміздің студентттері еліміздің денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер, көптілді оқытудың инновациялық технологиялары арқылы республикамыздың  әлемдік білім беру кеңістігіне бірігуі туралы қызығушылықтарын білдірді. Негізгі талқылау денсаулық сақтау саласының  толық бәсекекелестікке өтуі жайлы болды.

9 ақпан күні Ғылыми кеңес  залында өткен университетіміздің қызметкерлерімен кездесуге Абдиров Нұрлан Мәжитұлы, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бадина Юлия Викторовна, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректорыКөшерова Бақыт Нұрғалиқызы қатысты.

  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің заңнама және  сот- құқықтық реформасы Комитетінің төрағасы болып табылатын, өзі жас, демократ, өткір сұрақтардан қорықпайтынНұрлан Мәжитұлы өз құқықтарын қорғай алатын азамат болуға шақырып,ең жоғарғы деңгейде қолдау көрсетуге уәде берді.

  Депутаттар зиялы және рухани бай тұлғаларды толеранттылық, патриоттық және интернационализм идеясы негізінде тәрбиелеу сұрақтарына ерекше назар аударды.

Жастармен жұмыс бөлімі


0
7045

пікірлер

пікір қалдыру үшін.