Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қалыптасқан дәстүр

Қалыптасқан дәстүр

15 Ақпан 2017

Ардагер...бұл сөз бізге ерте заманнан келген болатын. Ардагер атағын қария солдаттар мен қоғамда құрметі бар азаматтар алатын. Ғасырлар өте «ардагер» сөзі біздің уақытта да өз мағынасын жоғалтқан емес.

Біздің университетте осымен бірнеше жылдар бойы ардагерлер кеңесі қалыптасып, жұмыс істеп келеді. Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша біздің университетіміздің ардагерлері студенттермен өздерінің тәжірибесімен, даналығымен және естеліктерімен бөліседі.

Осылайша, 7 ақпан күні №6 жатақханада ҚММУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Сартабаев Сембек Абдрахмановичтің кіші курстар студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар, кездесуге жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Байменова Айман Серикбаевна және жастармен жұмыс бойынша бөлім маманы Лукьянов Дмитрий Юрьевич қатысты.

Кездесу жылы, шырайлы атмосферада өтті. Ардагер ҚММУ-ң қалыптасу кезеңдері, бірнеше ұрпақ студенттерінің өмірі туралы айтып, университетіміздегі өнерпаздар ұжымдарының, спорттың дамуы тарихынан естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында студенттер ардагерге өздерінің алғысын білдіріп, естелікке фото жасады.

6 жатақхананың СӨБК

Жаопы медицина және стоматология факультетінің деканаты


0
6242

пікірлер

пікір қалдыру үшін.